Қауіпсіздік, Электр қауіпсіздігі, Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Инструкция по эксплуатации Samsung CTR364EC01

Страница 68: Қолдану барысындағы сақтық шаралары

Advertising
background image

4

KK

Қауіпсіздік

Бұл құрылғы қолданыстағы техникалық стандарттар мен Германияның "Құрылғы

қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңына" сай келеді . Дегенмен, өндіруші ретінде сіздерді

келесі сақтық шараларымен таныстыруды өз міндетіміз деп санаймыз .

Электр қауіпсіздігі

• Құрылғыны міндетті түрде білікті электрик орнатып, жерге қосуға тиіс .
• Құрылғыны тек білікті қызмет көрсету технигі ғана жөндеуге тиіс . Құрылғыны тиісті маманы

жоқ адамдар жөндесе, жарақат алуы немесе елеулі ақаулық орын алуы мүмкін . Егер

құрылғыңызды жөндеу қажет болса, жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз . Бұл

нұсқаулар орындалмаса, мүлікке зиян келуі және кепілдік заңды күшінен айырылуы мүмкін .

• Кіріктіріліп орнатылатын құрылғыларды, тиісті стандарттарға сай келетін қаптама немесе

жұмыс алаңына орнатып болғаннан кейін ғана іске қосу керек . Бұл VDE [Германия электр

инженерлері қоғамы] талаптарына сай, электр бөлшектерінің қатерінен толық сақтандыруға

мүмкіндік береді .

• Егер құрылғыңыз дұрыс жұмыс істемесе немесе оның бетінде сызат, жарық пайда болса:

- барлық пісіру алаңдарын сөндіріңіз;

- пештің үстін электр желісінен ағытыңыз; және

- жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз .

• Пештің үстінде сызат пайда болса, электр қатеріне ұшырамас үшін құрылғыны сөндіріп

қойыңыз . Пештің үстін, оның шыны бетін ауыстырмайынша қолданбаңыз .

• Пештің үстін алюминий фольганы, алюминий фольгаға оралған тағамды немесе алюминий

ыдысқа салынған мұздатылған тағамды ысыту үшін қолданбаңыз .

Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жас бала немесе әлсіз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның

қарауынсыз, бұл құрылғыны пайдалануына болмайды .

Кішкене балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек .

Тағам пісіру барысында пісіру алаңдары қызып кетеді . Кішкене балаларды әрқашан

құрылғыдан алыс ұстаңыз .

Қолдану барысындағы сақтық шаралары

• Бұл құрылғы тек үйде тағам пісіруге және қуыруға арналған . Бұл құрылғы коммерциялық

мақсатта немесе өнеркәсіпте қолдануға арналмаған .

• Пештің үстін ешқашан бөлме жылыту үшін қолданбаңыз .
• Пеш үстінің жанында орналасқан розеткаларға электр құрылғыларын жалғаған кезде абай

болыңыз . Электр сымдары пісіру алаңына тиіп тұрмауға тиіс .

• Қатты қызған тоңмай және өсімдік майы тез от алып кетуі мүмкін . Тоңмай немесе өсімдік

майын қолданып тағам пісіргенде, мысалы фри тағамын қуырғанда, пештің үстін қараусыз

қалдырмаңыз .

• Қолданып болғаннан кейін пісіру алаңдарын сөндіріңіз .
• Басқару панельдерін әрқашан таза, әрі құрғақ ұстаңыз .
• Пештің үстіне ешқашан тұтанғыш зат қоймаңыз .

CTR364EC01_BWT_DG68-00379A-05_KK.indd 4

2014-07-15 4:14:56

Advertising