Инструкция по эксплуатации Samsung BD-C6900P

Страница 198

Advertising
background image

Қазақша



02
Қауіпсіздік ақпараты

Дискіні сақтау

Дискіге зақым келтірмеу үшін абай болыңыз,

себебі дискіде жазылған деректер қоршаған

орта әсеріне өте сезімтал.

Күн сәулесі тікелей түспейтін жерде сақтаңыз.

Жақсы желдетілетін салқын жерде сақтаңыз.

Тігінен қойып сақтаңыз.

Таза қорғау қаптамасында сақтаңыз.

Өнім кенеттен суық жерден жылы жерге

апарылған жағдайда, жұмыс бөлшектері мен

оптикалық шынысына ылғал жиналып, дискінің

қате ойнатылуына себеп болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда, штепсельдік ұшты розеткаға

қоспас бұрын екі сағат күте тұрыңыз.

Одан кейін дискіні қайта салып, ойнатып көріңіз.

Қолдануға қатысты ескертулер

Дискінің сыртқы бетіне қаламсаппен немесе

қарындашпен жазу жазбаңыз.

Жазуды өшіруге арналған бүрку немесе

антистатикалық құралдарды қолданбаңыз.

Сонымен қатар, бензол немесе бояу еріткіші

сияқты ұшпа химиялық заттарды қолданбаңыз.

Дискінің бетіне жапсырма қағаз бен

стикерлерді жапсырмаңыз. (Жабысқыш

таспаның немесе стикерлердің желімі қалған

дискілерді пайдаланбаңыз.)

Сызылып қалудан қорғайтын заттар немесе

жабындарды қолданбаңыз.

Қолданыстағы жапсырма қағаз басатын

принтерлермен басылған дискілерді

пайдаланбаңыз.

Сызылған немесе зақымдалған дискілерді

салмаңыз.

Бұл өнімге басқа құрамдастарды жалғамас

бұрын олардың өшірілгенін тексеріңіз.

Дискі ойнатылып жатқанда өнімді қозғамаңыз,

өйткені дискі сызылып немесе сынып қалуы

мүмкін,Сондай-ақ өнімнің ішкі бөлшегі

зақымдануы мүмкін.

Өнімнің үстіне сумен толтырылған гүл

құмырасын немесе кез келген ұсақ темір

заттарды қоймаңыз.

Диск тартпасына қолыңызды сұқпаңыз.

Диск тартпасына дискіден басқа заттарды

салмаңыз.

Найзағай және статикалық электр қуаты сияқты

сыртқы кедергілер бұл өнімнің қалыпты жұмысын

бұзуы мүмкін. Мұндай жағдай туындағанда POWER

түймесі арқылы өнімді өшіріп, қайта қосыңыз

немесе ауыспалы ток сымын ток көзінен ажыратып,

қайта жалғаңыз. Өнім қалыпты жұмыс істейді.

Пайдаланғаннан кейін дискінің шығарылғанын

және өнімнің өшірілгенін тексеріңіз.

Өнімді ұзақ уақыт пайдаланбаған жағдайда

ауыспалы ток сымын ауыспалы ток көзінен

ажыратыңыз.

Дискіні тазалау үшін ішінен

сыртына қарай түзу сүртіңіз.

Өнімге сұйықтықты тигізбеңіз.

Ауыспалы токтың штепсельдік ұшы

розеткаға жалғанып тұрғанда өнім өшірулі

тұрса да, әлі де қуат алып (күту режимі)

тұрады.

Өнімге еш нәрсе тамшыламау немесе

шашырамау керек және сұйықтықпен

толтырылған құмыра сияқты ыдыстар үстіне

қойылмауы тиіс.

Штепсельдік ұш ажырату құралы ретінде

қолданылады және үнемі қол жететін жерде

болуы тиіс.

Өнімнің сыртқы күтімі

Қауіпсіздік мақсатында айнымалы ток сымын ток

көзінен ажыратыңыз.

Тазалау үшін бензол, сұйылтқыш немесе басқа

еріткіштерді қолданбаңыз.

Өнімнің сыртқы бетін жұмсақ шүберекпен

сүртіңіз.

Ойнату шектеулері

Бұл өнім жұмыс пәрмендерінің барлығына

жауап бермеуі мүмкін, өйткені кейбір Blu-ray,

DVD және CD дискілері ойнатылу кезінде

арнайы немесе шектеулі жұмыс және

мүмкіндіктерге ғана жол береді.

Мұның өнімдегі ақау емес екенін ескеріңіз.

Samsung компаниясы бұл өнімнің Blu-ray,

DVD немесе CD логотипі бар әрбір дискіні

ойнатуына кепілдік бере алмайды, себебі

дискілер пішімдері жаңартылып тұрады және

Blu-ray, DVD, CD бағдарламалық құралын

жасау және/немесе дискілерді өндіру кезінде

ақаулар мен қателер туындау мүмкін.

Сұрақтарыңыз болса немесе бұл өнімде Blu-

ray, DVD немесе CD дискілерін ойнатуда

қате орын алса SAMSUNG компаниясының

тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз. Сонымен қатар, ойнату

шектеулері туралы қосымша ақпарат үшін осы

нұсқаулықтың қалғанын оқыңыз.

01960K-BD-C6900-XER-KAZ-TSEC.ind5 5

2010-04-07 오후 6:54:42

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: