Сақтандыру шаралары – Инструкция по эксплуатации Samsung WF702W0BDWQ

Страница 94

Advertising
background image

10_ Сақтандыру шаралары

Машинаның үстіне шықпаңыз және оған заттар (кір, жанған шам, өшірілмеген

темекі, ыдыс, химикаттар, темір заттар сияқты және т.б.) қоймаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның сынуына немесе

жарақаттануға әкелуі мүмкін.

Машинаның үстіне инсектицидтер сияқты тез буланатын заттарды шашпаңыз.
- Олар адамдарға зиянды болумен қатар электр тоғының соғуына, өртенуге және

машинаның сынуына әкелуі мүмкін.

Кір жуғыш машинаның жанына электр магнит аумағын тудыратын приборларды

қоймаңыз.
- Бұл машина жұмысының бұзылуынан жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Жуу және кептіру режимдерінде төгілетін су жоғары температурада болатындықтан,

бұл суға жоламаңыз.
- Бұл күюге немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Егер машинаңызда мына заттарды жууға арналған бағдарлама болмаса,

орындыққа арналған су өткізбейтін көпшіктерді, шыпта немесе киімдерді (*)

жумаңыз, сықпаңыз және кептірмеңіз.
- Қалың, қатты циновкаларды жумаңыз.

- Бұл жарақаттануға әкеледі немесе шамадан тыс дірілдің нәтижесінде кір жуғыш

машинаны, қабырғаны, еденді немесе киімді бүлдіруі мүмкін.

* Жүннен жасалған төсек жабдықтары, жаңбырдан қорғану үшін киетін киімдер,

балықшы киімі, шаңғышы шалбары, ұйықтайтын қап, балалар жөргегі, тоқыма

спорт киімдері, сондай-ақ велосипедтерді, мотоциклдерді, автомобильдерді

жабуға арналған тенттер және т.б.

Егер кір жуғыш заттар қорабы орнына қойылмаса, машинаны қоспаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе судың ағуынан жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Кептіру кезінде немесе одан кейін де бактың ішкі жағын ұстамаңыз, себебі ол

ыстық.
- Бұл күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
Кір жуғыш құралдарды салатын қорапты ашқаннан кейін, қолыңызды салмаңыз.
- Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін, себебі сіздің қолыңызды кір жуғыш құралдарды

енгізетін құрылғы орап кетуі мүмкін. Кір жуғыш машинаға тек жууға болатын

заттардан басқа заттарды (бәтіңке, тағам қалдықтары, жануарлар сияқты)

салмаңыз.

- Қатты дірілдің нәтижесінде кір машина сынып немесе үй жануарлары

жарақаттанып, өлуі де мүмкін.

Түймешелерді шпилька, пышақ, шеге және т.б. сияқты үшкір заттармен баспаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Теріні күтуге арналған заттарды сататын арнайы дүкендерде немесе массаж

жасайтын емханаларда сатылатын май, крем немесе лосьонмен ластанған кірлерді

жумаңыз.
- Бұл тығыздағыш резеңкенің деформацияланып, сыртқа су жіберу жағдайына

әкелуі мүмкін.

Ағылшын түйреуіші немесе шаш қыстырғыш немесе тюбиктегі ағартқыш сияқты

темір заттарды барабанда ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
- Нәтижесінде, барабанды тот басып кетуі мүмкін

- Егер барабан бетін тот баса бастаса, оған жуатын құрал (бейтарап) жағып, оны

тазалау үшін губканы пайдаланыңыз. Темір щетканы ешқашан қолданбаңыз.

Сақтандыру шаралары

WF702W0BD-03241A_KK.indd 10

2012-12-27 16:10:11

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: