Цикл таңдау тетігін пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung WF60F4E4W2W

Страница 120

Advertising
background image

Казақ - 24

Цикл таңдау тетігін пайдалану

Цикл

Пайдалану

Хлопок (Мақта мата)

Орташа немесе жеңіл кірлеген мақта мата, төсек жаймасы, үстел жапқыш, іш киім,

сүлгі, жейде т.с.с. үшін.
Төсек жабдықтары мен жаймаларын жуу үшін ұсынылатын айналдыру циклы 800

мин/айн (2,0 кг немесе аз кірге арналған).

Синтетика (Синтетика)

Орташа немесе шамалы кірлеген, полиэфир (диолен, тревира), полиамид (перлон,

нейлон) не басқа ұқсас талшықтардан жасалған блуза, жейде т.с.с. заттарға

арналған.

Джинсы (Джинсы)

Судың деңгейі жоғары жəне қосымша шаю циклдары бар жуу циклы, жуғыш

заттарды киімдерде қалдырмай жуады.

Удаление пятен (Дақ

кетіру)

Дақ түскен киімдерге арналған. Удаление пятен (Дақ кетіру) циклы дақтарды

алдын ала тазалап алуды қажет етпейді жəне дақтарды киімге ерекше күтім жасай

отырып тамаша тазалайды. Дақты барынша тамаша тазалау үшін осы циклды

пайдаланғанда, əр түрлі дақтарды жалпы тазалап шығу үшін ішкі қыздырғыштың

көмегімен судың температурасын қосып отыратын, ыстық температурадағы су

параметрін қолдануды ұсынамыз.
Бұл циклдың кірдің дақтарын барынша тиімді тазалауға арналған жібіту функциясы

бар. Жібіту кезінде барабан шамалы уақыт айналмай тұрады жəне оның бұлай

тоқтауы, ақаулық болып саналмайды.

Темные вещи (Баран

киім)

Қосымша шаю циклдары мен айналдыру циклының азайтылған жылдамдығы,

ұнататын баран түсті киімдеріңізді баппен жуып, мұқият шаяды.

Ежедневная (Күнделікті

жуу)

Іш киім жəне жейде тəрізді күнделікті киілетін киімдерге арналған.

Очистка барабана Eco

(Эко барабан тазалау)

Барабанды тазалауға арналған. Бұл барабанның кірі мен бактериясын тазалайды.

Уақытылы қолдануды (40 рет кір жуғаннан кейін) ұсынамыз. Жуғыш зат пен ағартқыш

зат қажет емес.

Интенсивная стирка Eco

(Супер Эко жуу)

Төмен температуралы Интенсивная стирка Eco (Супер Эко жуу) қуатты тиімді түрде

үнемдей отырып, тамаша жуу нəтижесіне қол жеткізуге көмектеседі.

Верхняя одежда (Сырт

киім)

Тауда, шаңғы тепкенде киетін немесе спорт киімдері тəрізді су өткізбейтін киімдерге

арналған.
Маталарға функциональдық технология негізінде жасалған спандекс, стреч, микро-

талшық тəрізді маталар жатады.

Детские вещи (Балаға

арналған)

Жоғары температура мен қосымша шаю циклдары баланың терісіне зиянды жуғыш

заттың киімде қалмауын қамтамасыз етеді.

Шерсть (Жүн мата)

Машинада жууға болатын жүн матаға ғана арналған. Кірдің салмағы 2,0 кг-нан аз

болуға тиіс. (6кг-үлгі сыныбы:1,5 кг)
Шерсть (Жүн мата) циклы кірді баппен тербете отырып жуады. Жуу кезінде баппен

шайқау жəне жібіту əрекеттері үздіксіз орындалып, жүн мата талшықтарын отырып

қалудан/бүлінуден сақтайды да, өте баппен таза жуады. Кір жуғыш машинаның

жібіту циклындағы тоқтату/бастау функциясы ақаулық болып саналмайды.
Жүн мата циклында жуу нəтижесін жақсарту жəне жүн матаның талшықтарына

ерекше күтім көрсету үшін бейтарап жуғыш затты пайдалануды ұсынамыз.

Ручная стирка (Қолмен

жуу)

Киімді қолмен жуған тəрізді баппен жуатын, өте жеңіл цикл.

Отжим (Айналдыру)

Суды барынша сығу үшін қосыша айналдыру циклын орындайды.

Полоскание+Отжим

(Шаю+Айналдыру)

Тек шаюды қажет ететін кір үшін не шаю циклына мата жұмсартқыш құйған кезде

қолданыңыз.

Untitled-8 24

2014-01-10 �� 2:46:39

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: