Орнату және теңшеу, Тоңазытқышты орнатуға дайындау, Тоңазытқышты орнату орнын таңдау – Инструкция по эксплуатации Samsung RL61ZBVB

Страница 44: Тоңазытқышты қозғалту, Еден жабындысы, Су өткізу желісін орнатпас бұрын

Advertising
background image

06_

Орнату және теңшеу

тоҢазЫтҚЫШтЫ

оРнатУға ДаЙЫнДаУ

Samsung тоңазытқышын сатып алғаныңыз үшін алғыс

білдіреміз.
Осы құрылғының көптеген заманауи қызметтері мен

мүмкіндіктеріне ризашылық білдіресіз деген үміттеміз.

тоңазытқышты орнату орнын таңдау

Су көзіне ыңғайлы жететіндей орын

Күн сәулесі тікелей

түспейтін орын

Тегіс (немесе тегістеу) жер

Тоңазытқыштың есігін

ашуға жеткілікті кеңістік

бар

ауа алмасуы үшін оң,

сол, артқы және үстіңгі

жақтарын жеткілікті орынмен қамтамасыз етіңіз.

Жеткілікті орын қалдырмаған жағдайда ішкі

суыту жүйесі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Құрылғыны күтіп-баптау мен жөндеу жүргізе

алатындай етіп орналастыру керек.

Ең әуелі! Тоңазытқышты

таңдаған жеріңізге қоюға

болатындығына көз жеткізу

үшін есік тесігінің (ені мен

биіктігі), табалдырықтың,

төбенің, аралықтың және т.б.

өлшемдерін алдын ала өлшеп

алыңыз.

Тоңазытқышты оң жағынан, сол жағынан,

арт жағынан және төбесінен бос жер

қалатындай етіп орналастырыңыз. Бұл

электр қуатын үнемдеуге көмектеседі.

Егер тоңазытқышты температурасы 10ºC-тан

төмен бөлмеге орнатсаңыз, оның жұмыс істеу

тиімділігі нашарлайды.

тоңазытқышты қозғалту

Еденді зақымдап алмас үшін деңгейді

реттейтін алдыңғы аяқтардың жоғарыға

(еденнің үстінде тұрған) көтеріліп

тұрғандығына көз жеткізіңіз. Осы

нұсқаулықтың «Тоңазытқышты түзулеу»

бөлімін қараңыз (12-бет).

еДен ЖабЫнДЫсЫ

Тоңазытқышты еденнің басқа бөліктерімен бірдей

биіктікте тұрған қатты материалдан жасалған тегіс

жерге орнату қажет. Тоңазытқыш орнатылатын

жер азық-түлікке толы тоңазытқыштың толық

салмағын (шамамен 106 кг) ұстап тұруы тиіс.

Еденнің жабындысын сақтау үшін қатырма қағаздың

үлкендеу бөлігін кесіп

алып, орнату барысында

тоңазытқыштың

астына салып қойыңыз.

Тоңазытқышты

қозғалтқанда тартыңыз

немесе ары қарай итеріңіз.

сУ ӨтКІзУ ЖеЛІсІн

оРнатУ (аВтоматтЫ мҰз

ГенеРатоРЫ баР ҮЛГІ)

су өткізу желісін орнатпас бұрын

Бұл тоңазытқышты пайдаланбас бұрын оны

нұсқаулыққа сәйкес ыңғайлы жерге орнатыңыз.

Тоңазытқышқа берілген дайындаушының

кепілдігі су өткізу желісін орнатуға жарамайды.

Сондықтан су өткізу желісін орнатпас бұрын

судың төгіліп кетуінен келтірілген ықтимал

залалды төмендету үшін орнату жөніндегі

нұсқаулықпен толығырақ танысып, соған

сүйеніңіз.

Үйдегі су өткізу желісі жүйесінің гидравликалық

соққысы тоңазытқыштың компоненттеріне зиян

келтіріп, судың ағуына және судың басуына әкеп

соғуы мүмкін. Бұл қиындықты тоңазытқышты

сумен қамтамасыз ету көзіне қосқанға дейін

шешу үшін білікті маманға жүгініңіз.

Тоңазытқышты зақымдап алудан және өрт

шығудан сақтану үшін су өткізгіш желіні ыстық

су ағатын құбырға қоспаңыз.

Орнату және теңшеу

абаЙЛаҢЫз

150mm

100mm

100mm

1368.5mm

817mm

1249.0mm

1504.0mm

бұрауыш (-)

Реттеуіш аяқтар

DA68-01817L.indb 6

2010.11.4 8:33:45 AM

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: