Қауіпсіздік жөніндегі маңызды нұсқаулар, Ескерту, Абай болыңыз ескерту – Инструкция по эксплуатации LG VK99161NAU

Страница 7

Advertising
background image

7

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

Шаңсорғышты пайдаланған кезде өрт шығу, электр тогы соғу, адамдарды жарақаттау немесе зақым келтіру қатерiн

азайту үшiн барлық қауіпсіздік шараларын оқып шығыңыз және орындаңыз. Орын алуы мүмкін жағдайлардың бәрі бұл

нұсқаулықта қамтылмаған. Өзіңізге түсініксіз мәселелерге қатысты әрқашан да қызмет көрсетуші агентке немесе

өндірушіге хабарласыңыз. Бұл аспап төмендегі EC нұсқауларымен сыйысымды: 2006/95/EC төмен кернеу талаптары және

2004/108/EC EMC талаптары.

Бұл қауіпсіздік туралы ескерту белгісі.

Бұл белгі сізді және басқа адамдарды қазаға ұшыратуы немесе зақым келтіруі мүмкін ықтимал

қатерлер туралы ескертеді.

Қауіпсіздік туралы барлық хабарлар қауіпсіздік туралы ескерту белгісі мен “ЕСКЕРТУ” немесе “АБАЙ

БОЛЫҢЫЗ” деген сөздерден кейін келеді.

Бұл сөздер төмендегіні білдіреді:

Бұл белгі денеге елеулі жарақат келтіруі немесе қазаға ұшыратуы мүмкін

қатерлер немесе қатерлі іс-әрекеттер туралы ескертеді.

Бұл таңба жарақаттануға немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін қауіптер

мен қауіпті әрекеттер туралы ескертеді.

• Егер басқару түймешесі OFF қалпында тұрмаса, токқа

қоспаңыз.

Бұл адамды жарақаттауы немесе құрылғыны зақымдауы

мүмкін.

• Адамдардың жарақат алуынан сақтану үшін, сымды

кері ораған кезде балаларды жақындатпаңыз және

кедергілерден сақтаныңыз

Кері ораған кезде сымның қозғалысы өте жылдам болады.

• Шаңсорғышты жөндеген немесе тазалаған кезде

немесе ол пайдаланылмайтын жағдайда оны электр

тогынан ажыратып қойыңыз.

Олай етпеген жағдайда, электр тогы соғуы немесе

адамды жарақаттауы мүмкін.

• Шаңсорғышты шылым немесе ыстық күл сияқты

жанып немесе түтіндеп жатқан заттарды жинау үшін

пайдаланбаңыз.

Олай етсеңіз, қазаға ұшыратуы, өрт шығуы немесе электр

тогы соғуы мүмкін.

• Бензин, бензол, сұйылтқыштар, пропан сияқты

жанғыш немесе жарылғыш заттарды (сұйықтықтар

немесе газдар) шаңсорғышпен тазаламаңыз.

Мұндай заттардың булары өрт шығу немесе жарылыс

қатерін тудыруы мүмкін. Олай етсеңіз, қазаға ұшыратуы

немесе жарақаттауы мүмкін.

• Қуат көзi ашасын немесе шаңсорғышты дымқыл

қолмен ұстамаңыз.

Олай етсеңіз, қазаға ұшыратуы немесе электр тогы соғуы

мүмкін.

• Токтан суырған кезде сымынан тартпаңыз.

Олай етсеңіз құрылғыға зақым келуі немесе электр тогы

соғуы мүмкін. Токтан суыру үшін сымнан емес, ашадан

ұстаңыз.

• Шашыңызды, кең киімді, саусақтарыңызды және

барлық дене мүшелеріңізді шаңсорғыштың

саңылаулары мен қозғалатын бөлшектерінен аулақ

ұстаңыз.

Олай етпеген жағдайда, электр тогы соғуы немесе

адамды жарақаттауы мүмкін.

• Сымынан ұстап тартпаңыз және тасымаңыз, сымды

тұтқа ретінде пайдаланбаңыз, сымның үстінен есікті

жаппаңыз, және сымды қыры өткір жиектер мен

бұрыштарды айналдыра тартпаңыз. Шаңсорғышты

сымның үстінен жүргізбеңіз. Сымды қытты қызған

беткі қабаттардан аулақ ұстаңыз.

Олай етпеген жағдайда, электр тогы соғуы немесе

адамды жарақаттауы немесе өрт шығуы немесе

құрылғыға зақым келуі мүмкін.

• Шлангының ішінде электр сымдары бар. Егер түтік

зақымданған, тілінген немесе тесілген болса, оны

пайдаланбаңыз.

Олай етпеген жағдайда, қазаға ұшыратуы немесе электр

тогы соғуы мүмкін.

• Ойыншық ретінде пайдалануға рұқсат етпеңіз.

Балалар пайдаланса немесе олар жақын жерде болса,

мұқият қадағалау керек.

Бұл адамды жарақаттауы немесе құрылғыны зақымдауы

мүмкін.

• Қуат көзi сымы немесе ашасы бүлінген немесе ақаулы

болса, шаңсорғышты пайдаланбаңыз.

Бұл адамды жарақаттауы немесе құрылғыны зақымдауы

мүмкін. Мұндай жағдайда қатерден сақтану үшін LG

Electronics компаниясының сервистік агентіне

хабарласыңыз.

• Шаңсорғыштың қандай да бір бөлшектері жоқ болып

шықса немесе зақымданған болса, тазалауды

тоқтатыңыз.

Бұл адамды жарақаттауы немесе құрылғыны зақымдауы

мүмкін. Мұндай жағдайда қатерден сақтану үшін LG

Electronics компаниясының сервистік агентіне

хабарласыңыз.

• Осы шаңсорғышқа ұзартқыш сымды пайдаланбаңыз.

Бұл өрт шығу қатеріне немесе құрылғының

зақымдалуына себеп болуы мүмкін.

• Дұрыс кернеуді пайдалану.

Дұрыс емес кернеуді пайдалану қозғалтқышқа зақым

келтіруі немесе пайдаланушыны жарақаттауы мүмкін.

Дұрыс кернеу шаңсорғыштың түбіндегі тізімде

келтірілген.

• Тоқ көзінен суырмас бұрын барлық басқару тетіктерін

ажыратыңыз.

Олай етпеген жағдайда, электр тогы соғуы немесе

адамды жарақаттауы мүмкін.

• Қандай жағдайда да ашаны ауыстырмаңыз.

Олай болған жағдайда, электр тогы соғуы немесе

адамды жарақаттауы немесе құрылғыға зақым келуі

мүмкін. Олай етсеңіз, қазаға ұшыратуы мүмкін. Егер аша

дәл келмесе, дұрыс розетка орнату үшін білікті электр

маманын шақырыңыз.

• Электр аспаптарын жөндеуді тек білікті техникалық

қызмет көрсететін инженерлер ғана іске асыруы тиіс.

Дұрыс жөндемеу пайдаланушыға елеулі қатер төндіруі

мүмкін.

ЕСКЕРТУ

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

ЕСКЕРТУ

Advertising