Ақыл-кеңес, Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу, Бағдарламаны біржола тоқтату – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESI6610ROX

Страница 14: Бағдарламаның соңы, 1 су жұмсартқыш, 2 тұз, шайғыш зат және жуғыш затты пайдалану

Advertising
background image

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде

есікті ашу

Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті

жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен

бастап жұмыс істейді.

Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде

кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтату

Кешіктіріп бастау функциясын біржола

тоқтатқан кезде бағдарлама мен

функцияларды қайта орнату керек.

Program және TimeSaver түймешіктерін ECO

бағдарламасының индикаторы және уақыты

көрсетілгенше қатар басып ұстап тұрыңыз.

Бағдарламаны біржола тоқтату

Program және TimeSaver түймешіктерін ECO

бағдарламасының индикаторы және уақыты

көрсетілгенше қатар басып ұстап тұрыңыз.

Жаңа бағдарламаны бастар

алдында, жуғыш зат үлестіргіште

жуғыш заттың бар екеніне көз

жеткізіңіз.

Бағдарламаның соңы

Бейнебетте 0:00 көрсетіледі.

Бағдарлама жолағының барлық сегменттері

тұрақты жанып тұрады.
1. Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз немесе

Auto Off функциясының құрылғыны

автоматты түрде сөндіруін күтіңіз.

2. Судың шүмегін жабыңыз.

Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан

кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал

келеді.

• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін

үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.

• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су

тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-

аяққа қарағанда тез салқындайды.

8. АҚЫЛ-КЕҢЕС

8.1 Су жұмсартқыш

Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан

келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі

мүмкін минералдар өте көп мөлшерде

кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды

бейтарап етеді.

Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су

жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды.

Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан

маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс

жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс

мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.

8.2 Тұз, шайғыш зат және жуғыш

затты пайдалану

• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,

шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.

Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі

мүмкін.

• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат

ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай

құрғатуға көмектеседі.

• Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында

жуғыш зат, шайғыш зат және басқа

қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын

жеріңіздегі судың кермектігіне сай

келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің

орамындағы нұсқауларды қараңыз.

• Жуғыш таблеткалар қысқа

бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш

заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып

қалмас үшін жуғыш таблеткаларды

пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды

қолдануды ұсынамыз.

Жуғыш затты қажетті мөлшерден

артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың

орамындағы нұсқауларды қараңыз.

14 www.electrolux.com

Advertising