Ақаулықты түзету, 4 мұздатқыш камераның мұзын еріту – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN4001AOX

Страница 32

Advertising
background image

контейнерге су шығатын саңылау арқылы

жиналады да, осы жерде буға айналады.

Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға

тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі

науаның ортасындағы еріген су ағатын

саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған

маңызды.

6.4 Мұздатқыш камераның мұзын

еріту

Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі камераның

айналасына белгілі бір мөлшерде қырау

әрқашан жиналады.

Мұздатқыш камераның қырауының

қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде,

оны жібітіңіз.
Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды

орындаңыз:
• электр ашасын розеткадан суырыңыз

немесе құрылғыны сөндіріңіз

• ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше

қабат газетке ораңыз да, салқын жерге

қойыңыз

• мұздатқыштың тартпаларын алыңыз
• тартпалардың айналасына жылу

өткізбейтін материал қойыңыз, мысалы,

жамылғылар немесе газеттер.

Мұздатқыштың мұзын ерітуді ішіне ыстық су

(қайнап тұрмаған) құйылған тостағандарды

қою арқылы жылдамдатуға болады
• Су ағызатын науаны босатыңыз, суретте

көрсетілгендей басыңыз және оған су

жиналуы үшін мұздатқыштың төменгі

тартпасына салыңыз

• ери бастаған кезде мұзды ақырын қырып

тастаңыз. Ағаш немесе пластмасса

қырғышты пайдаланыңыз

• барлық мұз еріген кезде, камераны

тазалаңыз және құрғата сүртіңіз, содан

кейін су ағызатын науаны өз орнына

қойыңыз.

• камераны қосыңыз және мұздатылған

тағамдарды қайта салыңыз.

Жеткілікті сақтау температурасына тез арада

жетуі үшін құрылғыны термостатты бақылау

тетігін бірнеше сағатқа ең жоғарғы күйге

қойып пайдалану ұсынылады.

Буландырғышағы қырауды ешқашан

өткір металл қырғышпен қырмаңыз,

оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Мұзды

жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған

құралдардан өзге механикалық

немесе басқа жасанды заттарды

ешқашан қолданбаңыз. Құрылғының

мұзын еріту кезінде, оралып

мұздатылған тағамдардың

температурасының жоғарылауы

олардың қауіпсіз сақталу мерзімін

қысқартуы мүмкін.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Сақтандыру туралы ескерту!

Ақаулықтың себептерін анықтамас

бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.

Осы нұсқаулықта көрсетілмеген

ақаулықтардың себебін тек электр

маманы немесе білікті адам ғана

анықтауға тиіс.

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған

кезде біраз шуыл естіледі

(компрессор, салқындатқыш

сұйықтың айналуы).

32 www.electrolux.com

Advertising