Бірінші қолдану, Әркүндік қолдану, Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер – Инструкция по эксплуатации Electrolux EUT1106AW1

Страница 7: 1 ішін тазалау, 1 жаңа тағамды мұздату, 2 мұздатылған тағамды сақтау, 3 жібіту, 1 қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл

Advertising
background image

4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ

4.1 Ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,

жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші

мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын

салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият

құрғатыңыз.

Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды

пайдаланбаңыз, бұл құрылғының

сыртқы қабатына зиян келтіреді.

5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

5.1 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш (үстіңгі) бөлік жаңа тағамды

мұздатуға және тоңазытылған, сондай-ақ

мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға

жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін (үстіңгі)

мұздатқыш бөлікке қойып, кем дегенде 24

сағат қойыңыз

Мұздатылған тағамды үстіңгі бөліктен

(мұздатқыш) алып, басқа екі бөлікке (зат

сақтайтын бөліктер) салыңыз. Тағамды

барынша қатты мұздату үшін үстіңгі тартпаны

(егер тартпасы бар болса) алып, содан кейін

мұздатылатын тағамдарды буландырғыштың

үстіне тура қойыңыз. Шамалы тағамды

мұздату үшін тартпаны алудың қажеті жоқ.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның

ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі

техникалық ақпарат тақтайшасында

көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы

уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа

тағамды қосып салмаңыз.

5.2 Мұздатылған тағамды сақтау

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт

пайдаланбай барып іске қосқанда, тағамды

бөліктерге салмай тұрып, құрылғыны кем

дегенде 8 сағат, ең жоғары параметрлерге

қойып іске қосыңыз.

Кенет жібіп кетсе, мысалы, тоқ сөніп

қалуға байланысты, тоқ

"температураның көтерілу уақыты"

деп аталатын техникалық сипаттама

кестесінде көрсетілген уақыттан ұзақ

уақыт қосылмаса, тағамды дереу

пайдалану керек немесе пісіріп,

содан кейін қайта мұздату

(салқындатқаннан кейін) керек.

5.3 Жібіту

Қатты мұздатылған немесе мұздатылған

тағамды қолданар алдында бөлме

температурасында жібітіп алуға болады.

Кішкене тағамдарды мұздатқыштан алған

бетте тура пісіре беруге болады. бұндай

жағдайда пісіру ұзаққа созылады.

6. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

6.1 Қалыпты жұмыс кезінде

естілетін шуыл

• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы

аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе

көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі

мүмкін. Бұл дұрыс.

• Компрессор қосылып тұрған кезде,

тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,

компрессордан сырылдаған, сондай-ақ

дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл

дұрыс.

• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,

кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.

ҚАЗАҚ

7

Advertising