3 жұмыс кезіндегі шуыл, 4 қуат үнемдеу, 5 öko timer (эко таймері) – Инструкция по эксплуатации Electrolux EHI96732FK

Страница 12: 6 тағам пісіру үлгілері

Advertising
background image

бейімделеді. Үлкен ыдысты екі пісіру алаңына

қатар қойып, оларды бір уақытта

қолдануыңызға болады.

5.3 Жұмыс кезіндегі шуыл

Егер
• сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс әр

түрлі материалдардан жасалған (көп

қатпарлы құрылма).

• ысқырған дыбыс: бір немесе бірнеше пісіру

алаңдарын жоғары қуат деңгейлерінде

пайдаланғансыз және ыдыс әр түрлі

материалдардан жасалған (көп қатпарлы

құрылма).

• гуілдеу: жоғары қуат деңгейлерін

пайдаланғансыз.

• шыртылдау: электр тоғы қосылып-

ажыратылады.

• ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс

істейді.

Бұл шуыл түрлері қалыпты жайт және

құрылғының ақаулығына жатпайды.

Пісіру алаңының тиімділігі

Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың

диаметріне байланысты. Диаметрі көрсетілген

ең кіші диаметрден кіші ыдыс, пісіру алаңынан

бөлінетін қуаттың бір бөлігін ғана қабылдай

алады. Ең кіші диаметр мәндерін Техникалық

ақпарат тарауынан қараңыз.

5.4 Қуат үнемдеу

Қуатты үнемдеу жолдары

• Егер мүмкіндік болса, ыдысқа әрқашан

қақпақ жабыңыз.

• Пісіру алаңын ыдысты үстіне қойғаннан

кейін ғана іске қосыңыз.

• Тағамды жылы ұстау немесе жібіту үшін

қалдық қызуды пайдаланыңыз.

5.5 Öko Timer (Эко таймері)

Қуатты үнемдеу үшін пісіру алаңының

қыздырғышы кері санақ таймерінің

сигналы естілмей тұрып сөнеді.

Жұмыс істеу уақытының әр түрлі

болуы қызу параметріне және пісіру

уақытына байланысты.

5.6 Тағам пісіру үлгілері

Қызу параметрі мен пісіру алаңының қуатты

тұтыну мәні өзара тура байланысты емес.

Қызу параметрінің мәнін көбейткен кезде,

пісіру алаңының қуатты тұтыну мәні

пропорциональды түрде көбеймейді.

Сондықтан да, орташа қызу параметрін

қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының

жартысынан азын жұмсайды.

Кестедегі деректер жалпылама

нұсқау ретінде ғана берілген.

Қыз

у

пар

аме

трі

Пайдалану:

Уақыт

Ақыл-кеңес

Қуат

шығысының

номинальды

мәні

1

Піскен тағамды жылы

күйде ұстау

қажетіне

орай

Ыдыстың қақпағын

жабыңыз

3 %

1 - 3 Голланд тұздығы,

балқытылған: сары май,

шоколад, желатин

5 - 25 мин

Ара-тұра

араластырыңыз

3 – 8 %

1 - 3 Қойылту: шайқалған

омлет, піскен жұмыртқа

10 - 40 мин

Қақпағын жауып пісіру

керек

3 – 8 %

12 www.electrolux.com

Advertising