Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWT1262TDW

Страница 17

Advertising
background image

12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе

жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.

Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз

(кестеге қараңыз). Болмаса, Қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

Кей ақаулық орын алғанда дыбыстық сигнал

естіледі. Ескерту кодын көрсету үшін қызыл

индикатор

жыпылықтайды да,

индикаторлардың бірі жанады:

- Құрылғыға су құйылмай тұр.

- Құрылғының суы төгілмей тұр.

- Құрылғының есігі ашық немесе

дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!

Назарыңызда болсын!

Тексеріп көру алдында құрылғыны

тоқтан ажыратыңыз.

Ақаулық

Ықтимал шешімі

Бағдарлама басталмай

тұр.

Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғының қақпағының жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым

келмегеніне көз жеткізіңіз.

Бастау/Кідірту түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.

Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны

ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.

Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны

ажыратыңыз.

Құрылғыға су құйылмай

тұр.

Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен

емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су

ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.

Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп

қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен тазалау" тарауын

қараңыз.

Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына

көз жеткізіңіз.

Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыдан су ақпайды. Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына

көз жеткізіңіз.

Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау" тарауын

қараңыз.

Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.

Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып тұрса, су

төгу бағдарламасын орнатыңыз.

Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны

таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.

ҚАЗАҚ

17

Advertising