Күту менен тазалау, Ақаулықты түзету, 1 пештің ішін тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux EUF2042AOX

Страница 11: 2 мерзімді тазалау, 3 жібіту

Advertising
background image

6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

6.1 Пештің ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,

жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші

мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын

салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият

құрғатыңыз.

Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды

пайдаланбаңыз, бұл құрылғының

сыртқы қабатына зиян келтіреді.

Сақтандыру туралы ескерту!

Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын

құрылғыны электр желісінен

ағытыңыз.

Бұл құрылғының салқындатқыш

құралында сутегілі көміртек бар;

сондықтан да, жөндеу жұмыстары

мен оны қайта толтыруды тек

уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға

тиіс.

6.2 Мерзімді тазалау

Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру

қажет:
• іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал

сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.

• есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап,

кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып

отырыңыз.

• шайып мұқият құрғатыңыз.

Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не

сымдардың ешқайсысын тартпаңыз,

жылжытып не бүлдірмеңіз.

Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш

заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса

хош иістендірілген тазалағыш

заттарды не балауыз

жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз,

себебі бұндай заттар құрылғының

беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше

иіс қалдырады.

Құрылғының артындағы конденсатор (қара

гриль) мен компрессорды шөтке не

шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу

құрылғы жұмысын жақсартып, электр

шығынын азайтады.

Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан

келтірмеуге тырысыңыз.

Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға

арналған көпшілік заттардың құрамында осы

құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге

зиянды әсер ететін химикаттар бар.

Сондықтан да осы құрылғы корпусының

сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған

жылы сумен тазалау ұсынылады.

Тазалап болған соң құрылғыны электр

желісіне қайта қосыңыз.

6.3 Жібіту

Құрылғыңызға мұз қатпайды. Бұл құрылғы

жұмыс істеп тұрған кезде, құрылғының ішіне

де, тағамның үстіне де ешбір мұз

қатпайтынын көрсетеді.

Құрылғының ішіне мұз қатпайтын себебі,

автоматты түрде басқарылатын желдеткіш

құрылғы ішінде үнемі суық ауаның айналып

тұруын қамтамасыз етеді.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Құрылғы жұмыс жасап тұрған кезде, шамалы,

бірақ мазаны алатын шуыл естілуі мүмкін, бұл

үшін техник маманды шақырудың қажеті жоқ.

Келесі кестеде көрсетілген ақпарат босқа

қызмет ақысын төлеудің алдын алу үшін

беріледі.

ҚАЗАҚ

11

Advertising