Қақпақ, 3 күту менен тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG61300OX
Страница 6
• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына
дейін жылдам бұраған кезде, жалынның
өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Ыдыстардың шеңберлердің ортасына
орнатылғанына және пісіруге арналған
беттің жиектеріне жабысып қалмайтынына
көз жеткізіңіз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу қаупі бар.
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға
немесе майға тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын алыс
ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу,
кенет жарылыстың орын алуына себеп
болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет қолданылып
отырған майға қарағанда, төмен
температурада өрт пайда болуға әкелуі
мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын
немесе ашық отты жақындатпаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– Пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
– Алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды ыстық құрылғыға тура қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Бұл кепілдік заңына сәйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
• Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру үшін
шұңғыл табақты қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап
кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетіне
зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
• Құйылған шойын, алюминий немесе астына
нұқсан келген ыдыстар шыны керамика
бетке сызат түсіруі мүмкін. Бұндай
заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Қақпақ
• Қақпақтың техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
• Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған кезде
ашпаңыз.
• Қақпақты жабар алдында оттықтардың
барлығын сөндіріңіз.
• Пештің үсті мен тұмшапеш әбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
• Шыны қақпақ (егер бар болса) жарылып
кетуі мүмкін.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
6
www.electrolux.com