Ақаулықты түзету, 4 мұздатқыштың мұзын еріту – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN4000AOX

Страница 24

Advertising
background image

контейнерге су шығатын саңылау арқылы

жиналады да, осы жерде буға айналады.

Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға

тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі

науаның ортасындағы еріген су ағатын

саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған

маңызды.

6.4 Мұздатқыштың мұзын еріту

Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі камераның

айналасына белгілі бір мөлшерде қырау

әрқашан жиналады.

Мұздатқыш қырауының қалыңдығы шамамен

3-5 мм болғанда жібітіңіз.

Жібітуге 12 сағат қалғанда,

құрылғының жұмысы уақытша

тоқтатылғанда, оның ішіндегі суық

жеткілікті болуы үшін Температура

тетігін ең үлкен мәнге қойыңыз.

Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды

орындаңыз:

1.

Құрылғыны сөндіріңіз.

2.

Ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше

қабат газетке ораңыз да, салқын жерге

қойыңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Мұздатылған заттарды дымқыл

қолмен ұстамаңыз. Қолдарыңыз

мұздатылған заттарға жабысып

қалуы мүмкін.

3.

Есікті ашық қалдырыңыз да, астына

еріген су жиналатын тегеш қойып,

пластик қырғышты түбінің ортаңғы

тұсындағы тиісті ойыққа сұғыңыз.

Жібіту үрдісін жылдамдату үшін

мұздатқыш бөліктің ортасына жылы

су құйылған стакан қойыңыз.

Сонымен қатар сындыруға болатын

мұзды ерімей тұрып алыңыз.

4.

Мұзы еріп болғаннан кейін құрылғының

ішін жақсылап құрғатыңыз да, қырғышты

кейін қолдану үшін сақтап қойыңыз.

5.

Құрылғыны қосыңыз.

6.

Екі немесе үш сағаттан кейін алып қойған

тағамдарды қайта тоңазытқышқа

салыңыз.

Буландырғыштағы қырауды ешқашан өткір

металл қырғышпен қырмаңыз, оны бүлдіріп

алуыңыз мүмкін.

Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған

құралдардан өзге механикалық немесе басқа

жасанды заттарды ешқашан қолданбаңыз.

Құрылғының мұзын еріту кезінде, оралып

мұздатылған тағамдардың

температурасының жоғарылауы олардың

қауіпсіз сақталу мерзімін қысқартуы мүмкін.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Сақтандыру туралы ескерту!

Ақаулықтың себептерін анықтамас

бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.

Осы нұсқаулықта көрсетілмеген

ақаулықтардың себебін тек электр

маманы немесе білікті адам ғана

анықтауға тиіс.

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған

кезде біраз шуыл естіледі

(компрессор, салқындатқыш

сұйықтың айналуы).

24 www.electrolux.com

Advertising