2 мұздатқыш камераның мұзын еріту, 3 ауа өткізетін саңылауларды тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux EUN1100FOW

Страница 9

Advertising
background image

Желдеткіш торды бұлай тазалау құрылғының

жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды

азайтуға көмектеседі.

Сақтандыру туралы ескерту!

Салқындатқыш жүйені бүлдіріп

алудан сақтаныңыз.

Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға

арналған көпшілік заттардың құрамында осы

құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге

зиянды әсер ететін химикаттар бар.

Сондықтан да осы құрылғы корпусының

сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған

жылы сумен тазалау ұсынылады.

Тазалап болған соң құрылғыны электр

желісіне қайта қосыңыз.

7.2 Мұздатқыш камераның мұзын

еріту

Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі камераның

айналасына белгілі бір мөлшерде қырау

әрқашан жиналады.

Мұздатқыш камераның қырауының

қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде,

оны жібітіңіз.

Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды

орындаңыз:

1.

Температура тетігін "0" қалпына қойыңыз

да, ашаны розеткадан суырыңыз.

2.

Ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше

қабат газетке ораңыз да, салқын жерге

қойыңыз.

3.

Есікті ашық қалдырыңыз.

4.

Үш үлкен тартпаны алыңыз.

5.

Жібіту аяқталған кезде астыңғы кішкене

тартпаға жиналған суды төгіп, ішін мұқият

құрғатыңыз.

Ашаны розеткаға сұғыңыз да, термостатты

басқару тетігін орташа параметрге қойыңыз.

Содан кейін құрылғыны кем дегенде екі сағат

"Жылдам жібіту" режиміне қойып қосып,

алдында алынған тағамдарды қайта салыңыз.

7.3 Ауа өткізетін саңылауларды тазалау

C

A

B

1.

Жақтаушаны (A), содан кейін желдеткіш

торды (B) алыңыз.

2.

Желдеткіш торкөзді тазалаңыз.

3.

Ауа дефлекторын (C) еппен тартып

шығарыңыз, онда еріген мұздың суы

жиналмағанын тексеріңіз.

4.

Құрылғының астыңғы жағын

шаңсорғышпен тазалаңыз.

ҚАЗАҚ

9

Advertising