Инструкция по эксплуатации Electrolux EGT97353YK
Страница 4
• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, бұндай
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды
пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
• Егер шыны бетке сызат түссе, электр қатері пайда болмас
үшін құрылғыны сөндіріңіз.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
• Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт интервалы
сақталатын, барлық полюстерде оқшаулайтын айырып-
қосқыш қажет. Тоқты айыру жұмыстарын міндетті III-ші асқын
кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сай іске асыру
керек. Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.
• Электр сымын төсеген кезде, температурасы бөлме
температурасынан 50°C градус жоғары болатын заттарға
тура тигізбей (мысалы, оқшаулағыш төлкені пайдаланып)
орнатыңыз.
• Егер пеш үстінің шынысы сынып қалса:
– барлық оттықтарды дереу сөндіріңіз де, электрлі
қыздырғыш элементтердің барлығын оқшаулап,
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
– құрылғының бетіне қол тигізбеңіз,
– құрылғыны пайдаланбаңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:
BY KZ RU UA
4
www.electrolux.com