Функциялар, 1 myfavourite, 2 timesaver – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESI6700ROX

Страница 9: 3 energysaver, 4 xtrapower

Advertising
background image

Сынақ институттарына арналған ақпарат

Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға жолдаңыз.

[email protected]

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.

5. ФУНКЦИЯЛАР

Параметрлерді бағдарламаны

бастамай тұрып іске қосыңыз немесе

сөндіріңіз. Параметрлерді

бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде

қосу немесе сөндіру мүмкін емес.

Егер бір немесе бірнеше

параметрлер орнатылса, тиісті

индикаторлардың бағдарламаларды

бастамай тұрып қосылғанына көз

жеткізіңіз.

5.1 MyFavourite

Осы функцияның көмегімен жиі

пайдаланылатын бағдарламаны орнатуға

және жадыға сақтауға болады.

Жадыға бір уақытта 1 бағдарламаны

ғана сақтауға болады. Жаңа

параметр алдыңғы параметрді

өшіреді.

Бағдарламаны қалай сақтауға болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру

түймешігін басыңыз.

2. Сақтағыңыз келген бағдарламаны

орнатыңыз. Бағдарламада пайдалануға

болатын функцияларды да орнатуға

болады. Multitab және Delay

функцияларын сақтау мүмкін емес.

3. MyFavourite түймешігін бағдарлама

жолағы жылдам жыпылықтағанша басып

ұстап тұрыңыз.

MyFavourite бағдарламасын қалай орнату

керек
1. MyFavourite түймешігін басыңыз.

MyFavourite бағдарламасына және

функцияларына қатысты индикаторлар

жанады
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы

көрсетіледі.

5.2 TimeSaver

Бұл функция судың қысымы мен

температурасын көбейтеді. Жуу және кептіру

циклдары қысқарақ болады. Бағдарламаның

жалпы уақыты шамамен 50% пайызға азаяды.

Жуу нәтижесі қалыпты уақытты бағдарламаны

пайдаланғанмен бірдей. Кептіру нәтижелері

төмендейді.
TimeSaver функциясын іске қосу
1. TimeSaver түймешігін басыңыз. Тиісті

индикатор жанады. Бейнебетте

бағдарлама ұзақтығының мәні

жаңартылып көрсетіледі.
• Егер бұл параметр бағдарламада

жұмыс істемесе, тиісті индикатор 3 рет

жылдам жыпылықтайды да, содан кейін

сөнеді.

5.3 EnergySaver

Бұл функция соңғы шаю циклының

температурасын азайтады.

Осы функцияны пайдаланған кезде қуат

мөлшері (25% пайызға дейін) азайып,

бағдарламаның уақыты қысқарады.

Бағдарламаның соңында ыдыстар дымқыл

болуы мүмкін.
EnergySaver функциясын іске қосу
1. EnergySaver түймешігін басыңыз. Тиісті

индикатор жанады. Бейнебетте

бағдарлама ұзақтығының мәні

жаңартылып көрсетіледі.
• Егер бұл параметр бағдарламада

жұмыс істемесе, тиісті индикатор 3 рет

жылдам жыпылықтайды да, содан кейін

сөнеді.

5.4 XtraPower

Бұл параметр алдын ала жуу және жуу

циклдарындағы судың қысымын 40%-ға

көбейтеді. Қатты кірлеген кірді жусаңыз да,

жуу нәтижесі өте жақсы болады.

ҚАЗАҚ

9

Advertising