Күнделікті пайдалану, 8 shopping функциясы, 9 action freeze функциясы – Инструкция по эксплуатации Electrolux ENN2913COW

Страница 7: 10 артық температураны ескерту сигналы, 1 ішін тазалау

Advertising
background image

Осы екеуінің аралығы әдетте неғұрлым

оңтайлы температура деп саналады.

Дегенмен, дәл мәнді құрылғының ішіндегі

температураның төмендегі жағдайларға

тәуелді болатынын ескеріп таңдау керек:
• бөлме температурасы
• есіктің қаншалықты жиі ашылатыны
• сақталатын тағамның мөлшері
• құрылғы орналасқан жер.

2.8 Shopping функциясы

Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-

түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе,

тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін және

тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес

үшін Shopping функциясын іске қосуды

ұсынамыз.

Shopping функциясы, функция

түймешігін(қажет болса бірнеше рет)тиісті

белгіше пайда болғанша басқан кезде

қосылады.

Shopping функциясы шамамен 6 сағат уақыт

өткенде автоматты түрде өшеді.

Shopping функциясы орындалып тұрғанда,

тоңазытқыштың ішіндегі желдеткіш те

автоматты түрде іске қосылады.

Тоңазытқыш камераның ішіндегі

желдеткіш сонымен қатар бөлме

температурасы (38°C градустан

жоғары) жоғарылаған кезде, тіпті

Shopping функциясы қосылмаса да

өздігінен іске қосылады.

Функцияны кез келген уақытта Функция

түймешігін басып ("Функциялар мәзірі"

тарауын қараңыз) ажыратуға болады.

2.9 Action Freeze функциясы

Жаңа әкелген тағамдарды мұздату үшін

Action Freeze функциясын қосуыңыз қажет.

Функция түймешігін(қажет болса бірнеше

рет)тиісті белгіше пайда болғанша басыңыз.

Бұл функция 52 сағаттан соң автоматты түрде

тоқтайды.

Функцияны кез келген уақытта функция

түймешігін басып("Функциялар мәзірі"

тарауын қараңыз)ажыратып қоюға болады.

2.10 Артық температураны ескерту

сигналы

Мұздатқыш камераның ішіндегі

температураның көбейгенін(мысалы, электр

қуаты өшкен кезде)төмендегідей көрінеді:
• температура мәні жыпылықтайды
• тоңазытқыш камерасының көрсеткіші

жыпылықтайды (Тоңазытқыш камерасының

көрсеткіші)

• бейнебет фоны қызыл түске енеді
• дыбысты сигнал естіледі
• ескерту белгішесі көрінеді.

Қалыпты жұмыс режимі орнағанда:
• дыбысты сигнал өшеді
• температура мәні жыпылықтауын

жалғастырады

• бейнебет фоны қызыл қалпы қалады.

Дыбысты сигналды өшіру үшін функция

түймешігін/ескерту сигналын бастапқы

қалыпқа көшіру түймешігін басқан кезде,

камера ішінде орын алған ең жоғарғы

температура

көрсеткішінде бірнеше

секунд көрсетіліп тұрады.

Осы кезде жыпылықтау тоқтайды да,

бейнебет түсі қызыл түстен ақ түске ауысады.

Ескерту циклі орын алып тұрған кезде

функция түймешігі/ескерту сигналын қайтару

түймешігі арқылы дыбысты сигналды өшіріп

қоюға болады.

Тағамды сақтауға болатын қалыпты жағдай

орын алғанша бейнебет фоны қызыл болып

жанып тұрады.

3. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

3.1 Ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,

жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші

мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын

салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият

құрғатыңыз.

Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды

пайдаланбаңыз, бұл құрылғының

сыртқы қабатына зиян келтіреді.

ҚАЗАҚ

7

Advertising