Қауіпсіздік нұсқаулары, 1 орнату, Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERT1606AOW

Страница 4

Advertising
background image

Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған

құралдардан басқа құралдарды немесе

механикалық құралдарды қолданбаңыз.

Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.

Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған

бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды

өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.

Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды

қолданбаңыз.

Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды

қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,

еріткіштерді немесе темір заттарды

пайдаланбаңыз.

Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль

сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.

Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,

қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның

техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол

сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА

БОЛСЫН!

Бұл құрылғыны тек білікті

маман ғана орнатуға тиіс.

• Орам материалдарының барлығын

алыңыз

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз

немесе іске қоспаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі

абай болыңыз, себебі салмағы

ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын

киіңіз.

• Құрылғының айналасында ауа

айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғыны тоққа қосар алдында

кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл

майдың компрессорға қайта

құйылуына мүмкіндік беру үшін

қажет.

• Құрылғыны радиаторға немесе

пештерге, тұмшапешке немесе

пештің үстіне жақын орнатпаңыз.

• Құрылғының артқы жағы қабырғаға

қарап тұруға тиіс.

• Құрылғыны күннің жарығы тура

түсетін жерге қоймаңыз.

• Құрылғыны аса дымқыл немесе өте

суық, құрылыс алаңдары, гараж

немесе шарап жерқоймасы тәрізді

жерлерге орнатуға болмайды.

• Құрылғыны жылжытқан кезде,

еденді сызып кетпес үшін алдыңғы

жағынан көтеріңіз.

www.electrolux.com

4

Advertising