5 жылжымалы сөрелер, 6 шөлмек сөресі, 7 freshzone тартпасы – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN4001AOX

Страница 8: 8 температура индикаторы, 9 мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу

Advertising
background image

4.5 Жылжымалы сөрелер

Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді

қалауыңызша орналастыруға арналған

бірнеше бағыттауыш бар.

Кейбір сөрелерді алу үшін, шет жағынан ұстап

көтеру керек.

Ауаның дұрыс айналуын қамтамасыз

ету үшін, көкөніс салынатын

суырманың бетіндегі шыны сөрені

алмаңыз.

4.6 Шөлмек сөресі

Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын

ала орналастырылған сөреге қойыңыз.

Сөре көлденең орналастырылған

болса, тек жабық бөтелкелерді ғана

қойыңыз.

Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы

бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бұл

нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары

қарай бұрып, келесі жоғарғы деңгейге көтеріп

қоюға болады.

4.7 FreshZone тартпасы

FreshZone балық, ет, теңіз өнімдері сияқты

жас тағамдарды сақтауға қолайлы, себебі бұл

жердің температурасы, тоңазытқыштың басқа

жеріндегі температурадан төмен.

4.8 Температура индикаторы

Құрылғыны дұрыс басқаруға көмектесу үшін

тоңазытқышқа температура индикаторы

орнатылған.

Бүйір жақтағы белгіше тоңазытқыштың

ішіндегі ең суық аумақты көрсетеді.

Ең суық аумақ жеміс салынатын шыны сөре

мен көкөніс салынатын тартпадан бастап,

белгішеге дейін немесе белгішенің деңгейіне

қойылған сөреге дейін жалғасады.

Тағамды дұрыс сақтау үшін температура

индикаторында "OK" жазуының көрсетіліп

тұрғанына көз жеткізіңіз.

OK

Егер "ОК" көрсетілмесе, температура тетігін

суығырақ параметрге қойыңыз да, 12 сағаттан

кейін температура индикаторын тексеріңіз.

Құрылғыға жаңа тағам салғаннан кейін

немесе есікті ұзақ уақыт қайта-қайта

ашқаннан кейін, "ОК" жазуының көрінбей

қалуы қалыпты жағдай.

4.9 Мұздатқыш себеттерді

мұздатқыштан алу

Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып

қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін

тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан

алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да,

шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын

жоғары көтеріп қалыңыз.

8

www.electrolux.com

Advertising