Қауіпсіздік нұсқаулары, 1 орнату, Электртоғына қосу – Инструкция по эксплуатации Electrolux EHA96046FK

Страница 4

Advertising
background image

• Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, бұндай

жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ

немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.

• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.

• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.

• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды

пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.

• Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр қатері пайда

болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

Назарыңызда болсын!

Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана

орнатуға тиіс.

• Орам материалдарының барлығын

алыңыз.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе

іске қоспаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,

заттардың арасындағы ең аз қашықтықты

сақтаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай

болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан

қорғаныс қолғабын киіңіз.

• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп

жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.

• Құрылғының астыңғы жағын бу мен

ылғалдан қорғаңыз.

• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің

астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе

ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан

құлап кетпеу үшін қажет.

• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне

орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы

мен үстіңгі тартпаның арасында ауа

ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын

қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.

Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін

етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш

панель орнатыңыз.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын!

Өрт шығу және электр қатеріне

ұшырау қаупі бар.

• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті

электрші ғана іске асыруға тиіс.

• Пештің үстін тұмшапешке қосып, электр

сымдарын жалғау жұмыстарын орындамай

тұрып, екі құрылғының ағытпаларының тоқ

көзінен ағытулы тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз

жеткізіңіз. Босаған әрі дұрыс емес аша мен

розетка ағытпаны тым ысытып жіберуі

мүмкін.

• Электр қатерінен сақтандыру құралының

орнатылғанына көз жеткізіңіз.

• Жақын орналасқан розеткаларға

құрылғыны жалғаған кезде электр

сымдарының құрылғыға немесе ыстық

ыдысқа тиіп кетуіне жол бермеңіз.

• Электр сымдарының оратылуына жол

бермеңіз.

• Сымға қысқыш қапсырма пайдаланыңыз.
• Дұрыс қорек сымын пайдаланыңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым

келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын

ауыстырту үшін қызмет көрсету

орталығына немесе электршіге

хабарласыңыз.

4

www.electrolux.com

Advertising