Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, 6 бөтелке сөресі, 7 мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN2900AOW

Страница 26: 1 қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл

Advertising
background image

4.6 Бөтелке сөресі

Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын

ала орналастырылған сөреге қойыңыз.

Сөре көлденең орналастырылған

болса, тек жабық бөтелкелерді ғана

қойыңыз.

Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы

бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бұл

нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары

қарай бұрып, келесі жоғарғы деңгейге көтеріп

қоюға болады.

4.7 Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу

2

1

Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып

қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін

тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан

алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да,

шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын

жоғары көтеріп қалыңыз.

Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы

жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа

салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан

кейін, себеттерді өз орындарына қарай

итеріңіз.

5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

5.1 Қалыпты жұмыс кезінде

естілетін шуыл

• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы

аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе

көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі

мүмкін. Бұл дұрыс.

• Компрессор қосылып тұрған кезде,

тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,

компрессордан сырылдаған, сондай-ақ

дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл

дұрыс.

• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,

кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.

Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық

феномен емес. Бұл дұрыс.

• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде,

температура түймешесінің ақырын "сырт"

еткенін естисіз. Бұл дұрыс.

26 www.electrolux.com

Advertising