Электр желісіне жалғау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERT1606AOW

Страница 17

Advertising
background image

Егер бөлме температурасы салқын болса

(мысалы, қыста), тығыздағыш қаптамаға

дұрыс келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда

тығыздағыш өздігінен дәл келгенше күтіңіз.

Егер жоғарыда аталған жұмысты атқарғыңыз

келмесе, жақын жерде орналасқан қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет

көрсету орталығының маманы есіктің орнын

төлемақыға ауыстырып береді.

ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ЖАЛҒАУ

Электр желісіне қоспас бұрын техникалық

ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу

мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына

сай келетіндігін тексеріп алыңыз.

Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта

қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер

үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті

электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып,

құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай

жерге жекелей қосыңыз.

Жоғарыда айтылып өткен ережелер

сақталмаса, өндіруші қандай да бір

жауапкершілікті өз мойнына алудан бас

тартады.

Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

ҚАЗАҚ

17

Advertising