Күту менен тазалау, 7 киімнің затбелгілері, 8 кептіру циклының уақыты – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWW1697MDW

Страница 22: 9 қосымша кептіру, 1 сыртын тазалау, 2 қақты тазалау, 3 тазалап жуу

Advertising
background image

– Шаш спрейі, тырнақ бояуын тазалағыш

немесе сол сияқты заттың қалдығы бар

маталар.

– Көбікті резеңке немесе сол сияқты бөліктері

бар киімдер.

12.7 Киімнің затбелгілері

Кірді кептірген кезде өндірушінің затбелгіде

көрсеткен нұсқауларын орындаңыз:

= Кептіргіш машинада кептіруге болады

= Жоғары температурада кептіру циклы

= Азайтылған температурада кептіру

циклы

= Кептіргіш машинада кептіруге

болмайды.

12.8 Кептіру циклының уақыты

Кептіру уақыты мына жағдайларға

байланысты өзгереді:
• соңғы айналдыру циклының жылдамдығы
• құрғақтық деңгейі
• кірдің түрі
• кір салынымының салмағы

ЖАЛПЫЛАМА ҰСЫНЫСТАР

Орташакептіру уақыттарын "Кептіру

бағдарламалары" кестесінен қараңыз.

Кірді барынша дұрыс кептіруге тәжірибе

көмектеседі. Бұрынғы кептіру циклдарының

уақыттарын жазып алыңыз.

Кептіру циклының соңында статикалық тоқ

болмас үшін:
• Жуу циклы кезінде мата жақсартқышты

пайдаланыңыз.

• Кір кептіргіш машиналарға арналған

арнайы мата жақсартқыштарды

пайдаланыңыз.

Кептіру бағдарламасы аяқталған кезде кірді

жылдам алыңыз.

12.9 Қосымша кептіру

Кептіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін кір

әлі де дымқыл болса, қысқа кептіру циклын

қайта орнатыңыз.

Назарыңызда болсын!

Матаның қыжымданып немесе

киімнің отырып қалуына жол бермеу

үшін, кірді өте қатты кептірмеңіз.

13. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын!

Күтім көрсету алдында құрылғыны электр

желісінен ажыратыңыз.

13.1 Сыртын тазалау

Құрылғыны сабын мен жылы суды ғана

қолданып тазалаңыз. Барлық беттерін әбден

құрғатыңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Спирт, еріткіш немесе химиялық

заттарды қолданбаңыз.

13.2 Қақты тазалау

Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе

орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су

жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз.

Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк

және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз

жеткізіңіз.

Тот бөлшектерін тазалау үшін кір жуғыш

машиналарға арналған арнайы құралдарды

ғана пайдаланыңыз. Бұны кір жумай тұрғанда

орындаңыз.

Бұйымның орамында көрсетілетін

нұсқауларды әрқашан орындаңыз.

13.3 Тазалап жуу

Төмен температура бағдарламаларын

қолданғанда барабанда шамалы жуғыш зат

қалып қоюы мүмкін. Құрылғыға күтім көрсету

үшін уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
• Барабаннан кірді алыңыз.
• Мақта мата жууға арналған бағдарламаны,

шамалы жуғыш зат салып ең жоғары

температураға қойып орнатыңыз.

22 www.electrolux.com

Advertising