Ақаулықты түзету, 2 бүріккіш түтіктерді тазалау, 3 сыртын тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESI6200LOX

Страница 28

Advertising
background image

A1

A2

2.

(A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) және (A2)

бөліктерін ажыратыңыз.

3.

(B) сүзгісін алыңыз.

4.

Сүзгілерді сумен жуыңыз.

5.

(B) сүзгісін орнына салар алдында,

сорғының ішінде немесе айналасында

тағам қалдығының немесе қоқыстың жоқ

екеніне көз жеткізіңіз.

6.

(B) сүзгісінің 2 бағыттағыштың астына

(C) дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

7.

(A) сүзгісін құрастырып, (B) сүзгісіне

салыңыз. Сырт етіп орнына түскенше

сағат тілінің бағытымен бұраңыз.

Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу

нәтижесі қанағаттанғысыз болуы

және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.

8.2 Бүріккіш түтіктерді тазалау

Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.

Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса,

қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.

8.3 Сыртын тазалау

Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз.

Тек бейтарап тазартқыш заттарды

қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі

жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

9. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе

жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.

Қызмет көрсету орталығына хабарласпай

тұрып, ақаулықты шешуге қатысты

ұсыныстарды орындаңыз.

Кей ақаулықтар орын алғанда, аяқтау

индикаторы ара-тұра жыпылықтап, ескерту

кодтарын көрсетеді.

Ескерту коды

Ақаулық

• "Соңы" индикаторы 1 рет

жыпылықтайды.

• Start индикаторы үздіксіз жыпылықтайды.

Құрылғыға су құйылмай тұр.

• "Соңы" индикаторы 2 рет ара-тұра

жыпылықтайды.

• Start индикаторы үздіксіз жыпылықтайды.

Құрылғыдан су ақпайды.

• "Соңы" индикаторы 3 рет ара-тұра

жыпылықтайды.

• Start индикаторы үздіксіз жыпылықтайды.

Тасқынға қарсы құрал қосулы.

28 www.electrolux.com

Advertising