1 myfavourite, 2 timesaver, 3 multitab – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESL6550RO

Страница 8: 4 energysaver, 5 дыбыстық сигналдар

Advertising
background image

5.1 MyFavourite

Осы параметрдің көмегімен таңдаулы

бағдарлама мен параметрлерді жадыда

сақтауға болады.

Multitab және Delay параметрлерін

MyFavourite көмегімен жадыда сақтау мүмкін

емес.

Осы параметрге арналған әдепкі

бағдарлама - P2.

Бағдарламаны жадыда қалай сақтау керек
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру

түймешігін басыңыз. Құрылғының

параметрлерді орнату режимінде

тұрғанына көз жеткізіңіз,

"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ

БАСТАУ" тарауын қараңыз.

2. Бағдарламаны және жадыда сақтағыңыз

келген параметрлерді баптаңыз.

3. Бағдарламаны жадыда сақтау үшін

MyFavourite түймешігін басып, бірнеше

секунд ұстап тұрыңыз.

Тек бір ғана бағдарламаны жадыда сақтауға

болады. Егер жаңа бағдарламаны жадыға

сақтасаңыз, алдыңғы бағдарлама жойылады.

5.2 TimeSaver

Бұл параметр судың қысымын көбейтеді,

нәтижесінде бағдарламаның ұзақтығы

шамамен 50% пайызға қысқарады.

Жуу нәтижесі бағдарлама ұзақтығы қалыпты

кездегідей болу үшін, судың температурасы

артады. Бұл пайдаланылатын қуат мөлшерін

көбейтеді.

Қысқарақ кептіру циклын пайдаланған кезде

де кептіру нәтижесі төмендейді.
TimeSaver функциясын іске қосу
1. TimeSaver түймешігін басыңыз.

• Егер бұл параметр бағдарламада

жұмыс істесе, тиісті индикатор жанады.

Бейнебетте бағдарлама ұзақтығының

мәні жаңартылып көрсетіледі.

• Егер бұл параметр бағдарламада

жұмыс істемесе, тиісті индикатор

жанбайды.

5.3 Multitab

Бұл параметрді аралас жуғыш таблеткаларды

қолданғанда ғана іске қосыңыз.

Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай

тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөніп тұрады.

Бағдарламаның уақыты ұзарады.

Multitab функциясын қалай іске қосуға болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру

түймешігін басыңыз. Құрылғының

параметрлерді орнату режимінде

тұрғанына көз жеткізіңіз,

"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ

БАСТАУ" тарауын қараңыз.

2. Multitab түймешігін басыңыз, тиісті

индикатор жанады.

Параметр сөндіргенше қосулы тұрады.

Multitab түймешігін басыңыз, тиісті индикатор

сөнеді.
Егер аралас таблетканы қолдануды

тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен

ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар

алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге

қойыңыз.

3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің

толы екеніне көз жеткізіңіз.

4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу

бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай

және ыдыс салмай орындаңыз.

5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі

судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.

6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін

реттеңіз.

5.4 EnergySaver

Бұл функция соңғы шаю циклының

температурасын азайтады.

Осы функцияны пайдаланған кезде қуат

мөлшері (25% пайызға дейін) азайып,

бағдарламаның уақыты қысқарады.

Бағдарламаның соңында ыдыстар дымқыл

болуы мүмкін.
EnergySaver функциясын іске қосу
1. EnergySaver түймешігін басыңыз.

• Егер бұл параметр бағдарламада

жұмыс істесе, тиісті индикатор жанады.

Бейнебетте бағдарлама ұзақтығының

мәні жаңартылып көрсетіледі.

• Егер бұл параметр бағдарламада

жұмыс істемесе, тиісті индикатор

жанбайды.

5.5 Дыбыстық сигналдар

Құрылғыда ақау пайда болған кезде немесе

су жұмсартқыштың деңгейін реттеген кезде

дыбыстық сигнал естіледі. Бұл дыбыстық

сигналдарды өшіріп қоюға болады.

8

www.electrolux.com

Advertising