Әркүндік қолдану, 11 қосымша ылғалдылық функциясы, 12 шопинг функциясы – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3453AOW

Страница 9: 13 балалар құлпы функциясы, 1 жібіту, 2 мұздатылған тағамды сақтайтын камера

Advertising
background image

3.11 Қосымша ылғалдылық

функциясы

Тоңазытқыштың ылғалдылығын арттыру

керек болса, Қосымша ылғалдылық

функциясын іске қосуды ұсынамыз.

Функцияны іске қосу үшін:

1.

Тиісті белгіше пайда болғанша Mode

түймешігін басыңыз.
Қосымша ылғалдылық индикаторы

жыпылықтайды.

2.

Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Қосымша ылғалдылық индикаторы

көрсетіледі.

Функцияны ажырату үшін:

1.

Қосымша ылғалдылық индикаторы

жыпылықтағанша Mode түймешігін

басыңыз.

2.

Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.

3.

Қосымша ылғалдылық индикаторы өшеді.

3.12 Шопинг функциясы

Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-

түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе,

тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі

тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес

үшін Шопинг функциясын іске қосуды

ұсынамыз.

Функцияны іске қосу үшін:

1.

Тиісті белгіше пайда болғанша Mode

түймешігін басыңыз.
Шопинг индикаторы жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының

индикаторы орнатылған температураны

бірнеше секунд көрсетеді.

2.

Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Шопинг индикаторы көрсетіледі.

Шопинг функциясы шамамен 6 сағат уақыт

өткенде автоматты түрде өшеді.

Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай

тұрып өшіру үшін:

1.

Шопинг индикаторы жыпылықтағанша

Mode түймешігін басыңыз.

2.

Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.

3.

Шопинг индикаторы өшеді.

4.

Алдын ала таңдалған Eco Mode

функциясы қайта қалпына келтіріледі.

Функция тоңазытқыштың басқа

орнатылған температурасын таңдау

арқылы ажыратылады.

3.13 Балалар құлпы функциясы

Түймешіктер арқылы орындалатын жұмысты

бұғаттау үшін балалар құлпы функциясын

таңдаңыз.

Функцияны іске қосу үшін:

1.

Тиісті белгіше пайда болғанша Mode

түймешігін басыңыз.

2.

Балалар құлпы индикаторы

жыпылықтайды.

3.

Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Балалар құлпы индикаторы көрсетіледі.

Функцияны ажырату үшін:

1.

Балалар құлпы индикаторы

жыпылықтағанша Mode түймешігін

басыңыз.

2.

Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.

3.

Балалар құлпы индикаторы өшеді.

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

4.1 Жібіту

Мұздатылған не тоңазытылған тағамды

қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа

арналған уақыттың шамасына қарай отырып,

оны тоңазытқыш ішінде не бөлме

температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан

алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге

болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты

ұзағырақ болады.

4.2 Мұздатылған тағамды

сақтайтын камера

Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ

уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,

камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең

кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы

параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.

ҚАЗАҚ

9

Advertising