Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, 5 есіктің сөрелерін орналастыру, 1 қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERN91300FW

Страница 7: 2 қуатты үнемдеуге арналған кеңестер, 3 жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес, 4 тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Advertising
background image

4.5 Есіктің сөрелерін орналастыру

Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды

орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі

биіктікке қоюға болады.

Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен

тартып шығарыңыз да, қажетті орынға

қойыңыз.

5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

5.1 Қалыпты жұмыс кезінде

естілетін шуыл

• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы

аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе

көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі

мүмкін. Бұл дұрыс.

• Компрессор қосылып тұрған кезде,

тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,

компрессордан сырылдаған, сондай-ақ

дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл

дұрыс.

• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,

кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.

Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық

феномен емес. Бұл дұрыс.

• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде,

температура түймешесінің ақырын "сырт"

еткенін естисіз. Бұл дұрыс.

5.2 Қуатты үнемдеуге арналған

кеңестер

• Егер аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз

немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз.

• Егер ортаның температурасы жоғары

болса және Температура тетігі төмен

температура мәніне қойылса және

құрылғының іші толып тұрса, компрессор

үздіксіз жұмыс істеп, буландырғышқа қырау

немесе мұз қатуы мүмкін. Бұндай жағдайда,

автоматты түрде жібітуге мүмкіндік беріп,

электр қуатын үнемдеу үшін Температура

тетігін жылырақ параметрге қойыңыз.

5.3 Жаңа тағамды тоңазытуға

қатысты ақыл-кеңес

Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық

заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз

• тағамның бетін жабыңыз не оны орап

салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса

• тағамды ауа оның айналасында еркін

айнала алатындай етіп орналастырыңыз

5.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Пайдалы кеңес:

Ет (барлық түрі) : полиэтилен таспаға орып,

көкөніс тартпасының үстіңгі жағындағы шыны

сөреге қойыңыз.

Сақтық шарасын орындау үшін тағамды

осылайша бір немесе ең көбі екі күн ғана

сақтаңыз.

Піскен тағамдар, салқын тағамдар, т.с.с.:

бұндай тағамдарды жауып, кез келген сөреге

қоюға болады.

Жемістер мен көкөністер: бұларды әбден

жуып, арнайы тартпа(лар)ға салыңыз.

Тоңазытқышқа лимон шырыны тиіп кетсе,

пластик бөліктің өңі кетіп қалуы мүмкін.

Сондықтан, цитрустарды бөлек сауыттарға

салып сақтау керек.

Сары май және ірімшік: ауа өткізбейтін

арнайы сауыттарға салып немесе ауаны

ҚАЗАҚ

7

Advertising