2 мезгілімен тазалап отыру, 3 тоңазытқыш мұзын жібіту – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN4001AOW

Страница 11

Advertising
background image

Бұл құрылғының салқындатқыш

құралында сутегілі көміртек бар;

сондықтан да, жөндеу жұмыстары

мен оны қайта толтыруды тек

уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға

тиіс.

6.2 Мезгілімен тазалап отыру

Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру

қажет:
• іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал

сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.

• есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап,

кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып

отырыңыз.

• шайып мұқият құрғатыңыз.

Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не

сымдардың ешқайсысын тартпаңыз,

жылжытып не бүлдірмеңіз.

Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш

заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса

хош иістендірілген тазалағыш

заттарды не балауыз

жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз,

себебі бұндай заттар құрылғының

беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше

иіс қалдырады.

Құрылғының артындағы конденсатор (қара

гриль) мен компрессорды шөтке не

шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу

құрылғы жұмысын жақсартып, электр

шығынын азайтады.

Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан

келтірмеуге тырысыңыз.

Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға

арналған көпшілік заттардың құрамында осы

құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге

зиянды әсер ететін химикаттар бар.

Сондықтан да осы құрылғы корпусының

сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған

жылы сумен тазалау ұсынылады.

Тазалап болған соң құрылғыны электр

желісіне қайта қосыңыз.

6.3 Тоңазытқыш мұзын жібіту

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау

тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,

мотор компрессоры тоқтаған сайын

автоматты түрде шығарылады. Еріген су

құрылғының артындағы, мотор

компрессорының үстіндегі арнайы

контейнерге су шығатын саңылау арқылы

жиналады да, осы жерде буға айналады.

Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға

тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі

науаның ортасындағы еріген су ағатын

саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған

маңызды.

ҚАЗАҚ

11

Advertising