Ақаулықты түзету, 2 бүріккіш түтіктерді тазалау, 3 сыртын тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESL94555RO

Страница 14: 4 ішін тазалау

Advertising
background image

6.

(B) сүзгісінің 2 бағыттағыштың астына

(C) дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

7.

(A) сүзгісін құрастырып, (B) сүзгісіне

салыңыз. Сырт етіп орнына түскенше

сағат тілінің бағытымен бұраңыз.

Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу

нәтижесі қанағаттанғысыз болуы

және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.

9.2 Бүріккіш түтіктерді тазалау

Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.

Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса,

қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.

9.3 Сыртын тазалау

Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз.

Тек бейтарап тазартқыш заттарды

қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі

жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

9.4 Ішін тазалау

Егер қысқа бағдарламаларды жиі

пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май

немесе әк жиналып қалуы мүмкін.

Бұндай жағдайдың алдын алу үшін ұзақ

бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет

қосып орындауды ұсынамыз.

10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе

жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.

Қызмет көрсету орталығына хабарласпай

тұрып, ақаулықты шешуге қатысты

ұсыныстарды орындаңыз.

Кей ақаулықтар орын алғанда, бейнебетте

ескерту кодтары көрсетіледі:

- Құрылғыға су құйылмай тұр.

- Құрылғының суы төгілмей тұр.

- Тасқынға қарсы құрал қосулы.

Назарыңызда болсын!

Тексеріп көру алдында құрылғыны

тоқтан ажыратыңыз.

Ақаулық

Ықтимал шешімі

Құрылғыны іске қоса алмасаңыз.

Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.

Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа

зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.

Бағдарлама басталмай тұр.

Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып

тұрса, оны ажыратыңыз немесе кері санақ

аяқталғанша күтіңіз.

Құрылғыға су құйылмай тұр.

Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының

өте төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл

ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне

хабарласып алыңыз.

Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

14 www.electrolux.com

Advertising