Не істерсіңіз, егер, 3 мұздатқыш камера мұзын еріту, 4 ұзақ уақыт бойы пайдаланбау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERT1506FOW

Страница 26

Advertising
background image

Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға

тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі

науаның ортасындағы еріген су ағатын

саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған

маңызды. Құрылғымен бірге жеткізілетін

арнайы тазалағыш құралды пайдаланыңыз,

оны су ағатын тесіктен аласыз.

7.3 Мұздатқыш камера мұзын еріту

Мұздатқыш сөрелер мен үстіңгі

камераның айналасына белгілі бір

мөлшерде ылғи қырау жиналып

тұрады.

Қырау қабатының қалыңдығы

шамамен 3-5 мм жеткен кезде

мұздатқышты жібітіңіз.

Қырауды тазалап алу үшін мына әрекеттерді

орындаңыз:

1.

Құрылғыны өшіріңіз.

2.

Ішінде сақталып тұрған тағамды алып,

бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын

жерге қойыңыз.

3.

Есікті ашық қалдырыңыз.

4.

Құрылғы мұзы жібіп болғаннан кейін,

оның ішін мұқият құрғатыңыз да, ашасын

розеткаға сұғыңыз.

5.

Құрылғыны қосыңыз.

6.

Температура түймешесін максимум

суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны осы

параметрде тұрған қалпы екі немесе үш

сағат қосыңыз.

7.

Алдында алып қойған тағамдарды

қайтадан камераға салыңыз.

Буландырғыштың қырауын ешқашан

өткір металл құралдарды пайдаланып

қырмаңыз,оны бүлдіріп алуыңыз

мүмкін. Өндіруші ұсынған тәсілден

басқа әдіспен, механикалық құралды

қолданып немесе жасанды жолмен

мұзды жылдам ерітуге

әрекеттенбеңіз. Құрылғы мұзын еріту

барысында орамдағы тағамдардың

температурасының жоғарылауы,

олардың сақталатын мерзімін

қысқартуы мүмкін.

7.4 Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау

Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын

жағдайда мына сақтық шараларын

орындаңыз:
• құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
• барлық тағамдарды шығарыңыз
• мұзын ерітіп (егер бар болса), құрылғыны

және барлық керек-жарақтарын тазалаңыз

• жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/

есіктерді ашық қалдырыңыз.

Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса,

электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі

тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның

арасында бір рет бақылап қойып отыруын

сұраңыз.

8. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...

Назарыңызда болсын!

Ақаулық себебін іздестірмес бұрын

ашаны розеткадан суырып алыңыз.

Осы нұсқаулықта көрсетілмеген

ақаулық түрін тек білікті маман не

білікті адам ғана іздестіруге тиіс.

Құрылғы қалыпты режимде жұмыс

жасап тұрғанда біраз шуыл

(компрессор, салқындатқыш

сұйықтың айналуы) естіліп тұрады.

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

Құрылғыдан шуыл

шығады

Құрылғы дұрыс орнықпаған

Құрылғының орнықты тұрған-

тұрмағанын тексеріңіз (төрт

аяғы да еденге тиіп тұруға

тиіс)

Құрылғы жұмыс істемей

тұр. Шам жанбай тұр.

Құрылғы сөндірулі.

Құрылғыны іске қосыңыз.

26 www.electrolux.com

Advertising