Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, 5 қауіпсіздік бекітпесі, 1 тоңазыту туралы кеңес – Инструкция по эксплуатации Electrolux EC4201AOW

Страница 8: 2 мұздатылған тағамды сақтау бойынша кеңес

Advertising
background image

230

806

606

946

1061

1201

1336

1611

Себеттер сырғып, бірінің ішіне бірі кіреді.

Келесі суреттерде мұздатқыштың әр түрлі

үлгілерінің ішіне қанша себет салуға

болатыны көрсетілген.

Қосымша себеттерді жергілікті қызмет көрсету

орталығынан сатып алуға болады.

6.5 Қауіпсіздік бекітпесі

Мұздатқыш байқаусызда бекітіліп қалмас үшін

арнайы бекітпемен жабдықталған. Бекітпе

қақпақты кілтті бұраған кезде ғана жабылатын

етіп жасалған, яғни қақпақты жабу үшін әуелі

кілтті бекітпеге салып бұрау керек.

Мұздатқышты жабу үшін мына қадамдарды

орындаңыз:

1.

кілтті бекітпеге еппен итеріп кіргізіңіз.

2.

кілтті сағат тілінің бағытымен белгісіне

қарай бұраңыз.

Мұздатқышты ашу үшін мына қадамдарды

орындаңыз:

1.

кілтті бекітпеге еппен итеріп кіргізіңіз.

2.

кілтті сағат тілінің бағытына қарсы

белгісіне қарай бұраңыз.

Қосымша кілттерді жергілікті Қызмет

көрсету орталығынан алуға болады.

Назарыңызда болсын!

Кілттерді балалардан алыс ұстаңыз.

Ескірген құрылғыны қоқысқа

тастайтын кезде кілтті бекітпеден

алып қоюды ұмытпаңыз.

7. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

7.1 Тоңазыту туралы кеңес

Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді

жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер

берілген:
• 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп

тағам мөлшері техникалық ақпарат

тақтайшасында берілген;

• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы

уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір

қосымша тағамды қосып салуға болмайды;

• тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият

тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;

• тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып,

қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін

ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп

дайындаңыз;

• тағамды алюминий қағазға не полиэтилен

қалтаға орап, орамының ауа

өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;

• жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан

мұздаған тағамға, оның температурасы

көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;

• майы аз тағамдар майлы тағамдарға

қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз

тағамның сақталу уақытын азайтады;

• мұз текшелерін мұздатқыш камерадан

алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні

қарып кетуі мүмкін;

• Тағамдарды сақтау уақытының кестесін

жасау үшін, тағамның әрбір жеке

орамасына оның тоңазытылған ай-күнін

жазып қою ұсынылады;

7.2 Мұздатылған тағамды сақтау

бойынша кеңес

Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін

қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді

орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы сатылатын

тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз

жеткізіңіз;

• мұздатылған тағамдарды дүкеннен

мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде

жеткізіңіз;

• аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз

немесе ұзақ уақыт ашық қалдырмаңыз.

8

www.electrolux.com

Advertising