Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, Тоңазыту туралы кеңес, Мұздатылған тағамды сақтау бойынша кеңес – Инструкция по эксплуатации Electrolux EC3201AOW

Страница 12

Advertising
background image

ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

ТОҢАЗЫТУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС

Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді

жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер

берілген:
• 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп

тағам мөлшері техникалық ақпарат

тақтайшасында берілген;

• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы

уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір

қосымша тағамды қосып салуға болмайды;

• тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият

тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;

• тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып,

қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін

ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп

дайындаңыз;

• тағамды алюминий қағазға не полиэтилен

қалтаға орап, орамының ауа

өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;

• жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан

мұздаған тағамға, оның температурасы

көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;

• майы аз тағамдар майлы тағамдарға

қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз

тағамның сақталу уақытын азайтады;

• мұз текшелерін мұздатқыш камерадан

алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні

қарып кетуі мүмкін;

• Тағамдарды сақтау уақытының кестесін

жасау үшін, тағамның әрбір жеке

орамасына оның тоңазытылған ай-күнін

жазып қою ұсынылады;

МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ

САҚТАУ БОЙЫНША КЕҢЕС

Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін

қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді

орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы сатылатын

тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз

жеткізіңіз;

• мұздатылған тағамдарды дүкеннен

мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде

жеткізіңіз;

• аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз

немесе ұзақ уақыт ашық қалдырмаңыз.

• Тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу

түсе бастайды және оны қайта мұздатуға

болмайды.

• Тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық

мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.

12 www.electrolux.com

Advertising