Не істерсіңіз, егер, 2 ұзақ уақыт бойы пайдаланбау, 3 тоңазытқыш мұзын-қырауын еріту – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERN93213AW

Страница 10

Advertising
background image

Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға

арналған көпшілік заттардың құрамында осы

құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге

зиянды әсер ететін химикаттар бар.

Сондықтан да осы құрылғы корпусының

сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған

жылы сумен тазалау ұсынылады.

Тазалап болған соң құрылғыны электр

желісіне қайта қосыңыз.

5.2 Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау

Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын

жағдайда мына сақтық шараларын

орындаңыз:

• құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
• барлық тағамдарды шығарыңыз
• мұзын ерітіп (егер бар болса), құрылғыны

және барлық керек-жарақтарын тазалаңыз

• жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/

есіктерді ашық қалдырыңыз.

Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса,

электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі

тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның

арасында бір рет бақылап қойып отыруын

сұраңыз.

5.3 Тоңазытқыш мұзын-қырауын еріту

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау

тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,

мотор компрессоры тоқтаған сайын

автоматты түрде шығарылады. Еріген су науа

арқылы құрылғының артқы жағында, мотор

компрессорының үстінде орналасқан арнайы

сауытқа жиналады да, сол жерде буға

айналады.

Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға

тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі

науаның ортасындағы еріген су ағатын

саңылауды мезгіл-мезгіл тазалаңыз.

Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы

тазалағыш құралды пайдаланыңыз, оны су

ағатын тесіктен аласыз.

6. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...

Назарыңызда болсын!

Ақаулықты анықтамас бұрын ашаны

розеткадан суырыңыз.

Осы нұсқаулықта көрсетілмеген

ақаулықты тек электрші маман

немесе білікті адам ғана анықтауға

тиіс.

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

Құрылғыдан шуыл

шығады

Құрылғы дұрыс орнықпаған

Құрылғының орнықты тұрған-

тұрмағанын тексеріңіз (төрт

аяғы да еденге тиіп тұруға

тиіс)

Құрылғы жұмыс істемей

тұр. Шам жанбайды.

Құрылғы сөндірулі.

Құрылғыны қосыңыз.

10 www.electrolux.com

Advertising