Басқару панелі, Іске қосу, Өшіру – Инструкция по эксплуатации Electrolux EUT1040AOW

Страница 7: Температураны реттеу, Ескерту индикаторының қызыл шамы

Advertising
background image

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

1

2

3

4

5

1

Жасыл қосу/сөндіру индикаторы

2

Температура тетігінің Қосу/Сөндіру тетігі

3

Жылдам мұздату индикаторының сары

шамы

4

Ескерту сигналының тоқтату тетігі және

Жылдам мұздату тетігі

5

Ескерту индикаторының қызыл шамы

ІСКЕ ҚОСУ

1.

Орнатып болғаннан кейін құрылғыны 4

сағат қойып қойыңыз.

2.

Ашаны розеткаға сұғыңыз.

3.

Температура тетігін сағат тілінің

бағытымен бұрап, << - 16 °C >>

градустан төмен температураға қойыңыз.

4.

Жасыл Қосу/Сөндіру индикаторы

жыпылықтап, ескерту индикаторының

қызыл шамы жыпылықтайды.

5.

Жасыл Қосу/Сөндіру индикаторы жанса,

құрылғының қосылғанын білдіреді.

6.

Ескерту индикаторының қызыл шамы

жыпылықтаса, мұздату бөлігінің

температурасы дұрыс емес екенін

білдіреді. Сонымен қатар, үзік-үзік сигнал

естілуі мүмкін, бұл сигналды Ескерту

сигналының тоқтату тетігі мен Жылдам

мұздату тетігін бір рет басып тоқтатуға

болады.

7.

Мұздатқышты ең алғаш рет іске қосқан

кезде, ескерту индикаторының қызыл

шамы ішкі температура тағамды қауіпсіз

сақтайтын деңгейге жеткенше

жыпылықтайды.

ӨШІРУ

1.

Құрылғыны сөндіру үшін температура

тетігін "0" қалпына қойыңыз.

2.

Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін

ашаны розеткадан суырыңыз.

ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ

Құрылғының ішіндегі температура басқару

панелінде орналасқан температура тетігінің

көмегімен басқарылады.

Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі

әрекеттерді орындаңыз:
• суықтықты азайту үшін температура тетігін

суықтың төменгі деңгейіне қарай бұраңыз.

• суықтықты жоғары деңгейге қою үшін

температура тетігін суықтың максимум

деңгейіне қарай бұраңыз.

Әдетте орташа параметрді таңдаған

дұрыс.

Дегенмен, дәл мәнді құрылғының ішіндегі

температураның төмендегі жағдайларға

тәуелді болатынын ескеріп таңдау керек:
• бөлме температурасы
• есіктің қаншалықты жиі ашылатыны
• сақталатын тағамның мөлшері
• құрылғы орналасқан жер.

ЕСКЕРТУ ИНДИКАТОРЫНЫҢ

ҚЫЗЫЛ ШАМЫ

Қалыпты жұмыс жасау жағдайында

мұздатқыштың ішкі температурасы тағамды

ұзақ сақтауға көмектеседі.

Осы температура белгілі бір деңгейден (-12

°C) асқан кезде құрылғыдан дыбыстық сигнал

естіледі және ескерту шамы қосылды.

Дыбыстық сигнал үзік-үзік естіліп тұрғанда,

индикатордың (ескерту индикаторының қызыл

шамы) шамы қызыл түспен жыпылықтайды.

Дыбыстық сигналды Ескерту сигналын

тоқтату тетігін бір рет басып тоқтатуға

болады.

ҚАЗАҚ

7

Advertising