Функциялар, 1 myfavourite, 2 multitab – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESL4550RO

Страница 8: 3 energysaver

Advertising
background image

Сынақ институттарына арналған ақпарат

Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға жолдаңыз.

[email protected]

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.

5. ФУНКЦИЯЛАР

Параметрлерді бағдарламаны

бастамай тұрып іске қосыңыз немесе

сөндіріңіз. Параметрлерді

бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде

қосу немесе сөндіру мүмкін емес.

Егер бір немесе бірнеше

параметрлер орнатылса, тиісті

индикаторлардың бағдарламаларды

бастамай тұрып қосылғанына көз

жеткізіңіз.

5.1 MyFavourite

Осы функцияның көмегімен жиі

пайдаланылатын бағдарламаны орнатуға

және жадыға сақтап қоюға болады.

Жадыға бір уақытта 1 бағдарламаны

ғана сақтауға болады. Жаңа

параметр алдыңғы параметрді

өшіреді.

Бағдарламаны жадыда қалай сақтау керек
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру

түймешігін басыңыз.

2. Жадыға сақтағыңыз келген бағдарламаны

орнатыңыз. Сондай-ақ, осы

бағдарламамен бірге қолдануға болатын

функцияларды да орнатуға болады.

Multitab және Delay функцияларын

жадыда сақтау мүмкін емес.

3. MyFavourite түймешігін тиісті

индикатордың шамы тұрақты жанғанша

басып ұстап тұрыңыз.

MyFavourite бағдарламасын қалай орнату

керек
1. MyFavourite түймешігін басыңыз.

MyFavourite бағдарламасына және

функцияларына қатысты индикаторлар

жанады.
• Бейнебетте бағдарламаның нөмірі

және ұзақтығы көрсетіледі.

5.2 Multitab

Бұл параметрді аралас жуғыш таблеткаларды

қолданғанда ғана іске қосыңыз.

Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай

тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөніп тұрады.

Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын іске қосу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру

түймешігін басыңыз.

2. Multitab түймешігін басыңыз, тиісті

индикатор жанады.

Параметр сөндіргенше қосулы тұрады.

Multitab түймешігін басыңыз, тиісті индикатор

сөнеді.
Егер аралас таблетканы қолдануды

тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен

ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар

алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге

қойыңыз.

3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің

толы екеніне көз жеткізіңіз.

4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу

бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай

және ыдыс салмай орындаңыз.

5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі

судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.

6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін

реттеңіз.

5.3 EnergySaver

Бұл функция соңғы шаю циклының

температурасын азайтады.

Осы функцияны пайдаланған кезде қуат

мөлшері (25% пайызға дейін) азайып,

бағдарламаның уақыты қысқарады.

Бағдарламаның соңында ыдыстар дымқыл

болуы мүмкін.

8

www.electrolux.com

Advertising