Инструкция по эксплуатации Electrolux EGT97355NK

Страница 10

Advertising
background image

Құрылғының бетіне түскен сызаттар

немесе қошқыл дақтар оның

жұмысына ешқандай әсер етпейді.

Назарыңызда болсын!

Оттыққа көп ылғал жиналса немесе

оттықты ұзақ уақыт суға батырсаңыз,

бетіне зақым келуі мүмкін.

• Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін

таба қоятын тағандарды алып қоя тұруға

болады.

• Эмальмен қапталған қақпақшаны тазалау

үшін сабыны бар сумен жуып, орнына қайта

қояр алдында жақсылап құрғатыңыз.

• Ұзақ пайдаланғаннан кейін мыстан

жасалған оттықтың шілтерлері қарайып

кетуі мүмкін. Қара дақтарды тазалау үшін

келесі әрекетті орындаңыз:
– 50% су мен 50% шарап сіркесуынан

тұратын қоспа жасаңыз.

– Оттықтың шілтерлерін 10 минуттан

астам қоспаға салып қойыңыз. Жөкедегі

дақтарды тазалаңыз.

– Қоспаның қалдығын тазалау үшін

шілтерлерді сумен шайып, жақсылап

кептіріңіз.

• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен

жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен

құрғатыңыз.

• Ыдыс тағандарын ыдыс жуғыш машинада

жууға болмайды. Оларды қолмен жуу

керек.

• Ыдыс тағандарын қолмен жуғаннан кейін

абайлап сүртіңіз, себебі эмальмен

қапталған жиектері өткір болуы мүмкін.

Қажет болса, қатып қалған дақтарды

тазартқыш қоймалжыңмен кетіріңіз.

• Ыдыс тағандарын тазалап болғаннан кейін

орындарына дұрыс салынғанына көз

жеткізіңіз.

• Оттықтың дұрыс жұмыс жасауын

қамтамасыз ету үшін ыдыс тағандарының

тіректерін, оттықтың ортасына келтіріп

салыңыз.

• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба

тағандарын орнына қойған кезде абай

болыңыз.

Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ

шүберекпен құрғатыңыз.

Ыдыс тағандары орнықты тұру үшін олар

пештің бүйірлерінде орналасқан темір

істікшелермен бекітіледі. Тазалауға ыңғайлы

болу үшін ыдыс тағандарын пештің үстінен

алып қоюға болады. Ыдыс тағандарын соңғы

суретте көрсетілгендей көлденең ұстап тұрып

көтеріп алыңыз.

Ыдыс тағанын еңістетіп көтерсеңіз,

металл істікшелерге салмақ түседі.

Бұл металл істікшелерге зақым

келтіріп, сындыруы мүмкін.

Ыдыс тағандарының өлшемдері және

оттықтардың саны құрылғының әр үлгісінде

әр түрлі болуы мүмкін.

Назарыңызда болсын!

Тағам пісіру барысында пештің үстін

таза ұстау үшін оған алюминий

жұқалтырды төсемеңіз.

Қоқысты тазалау:

1.

– Дереу тазалаңыз: балқыған

пластмасса, полимер үлдір, қант

қосылған тағам.

– Мыналарды тазалауға кіріспес бұрын

пешті электр желісінен ағытып,

суытыңыз: әк дақтары, су дақтары, май

10 www.electrolux.com

Advertising