Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, 7 ылғалдылықты басқару, 1 қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERF4161AOW

Страница 11: 2 жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес, 3 тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Advertising
background image

4.7 Ылғалдылықты басқару

Көкөніс пен жеміс-жидекті тоңазытқышта

сақтаған кезде, оларды тартпалы жәшікке

салған дұрыс болады. Тоңазытқыштағы

температура төмен қалпында сақталады да,

азық-түліктің ескіруін баяулатады. Қалыпты

жағдайларда, көкөніс салатын тартпа

толмаған кезде, және оның ішінде түрлі

көкөніс пен жеміс-жидек аралас болса,

ылғалдылықты басқару тетігін үлкен

тамшымен көрсетілген жоғары ылғалдылық

қалпына қою керек. Бұл үстіңгі тордың

жабылып, тартпалы жәшіктің ішінде жоғары

ылғалдылық сақталатынын білдіреді. Бұл

стандартты параметр болуға тиіс. Кейде

тартпаның іші толып тұрған кезде азық-түлік

аса жақсы салқындамауы мүмкін, сондықтан

ауа өтетін саңылауларды кішкентай тамшыға

қарай ашып қоған дұрыс. Көкөністер әдетте

судың булануы арқылы өздігінен

салқындайды, ал саңылаулар жабық болса,

тартпаның ішінде су тамшылары түзіліп, су

жиналуы мүмкін. Көп су жинауы мүмкін

көкөніске салаттар, саңырауқұлақтар,

брокколи мен сәбіз жатады. Азық-түліктің

ішінде алма мен жеміс-жидек болған

жағдайда, этилен жиналып қалу қаупін

болдырмау үшін саңылауларды сәл ашып

қойған дұрыс болуы мүмкін. Этилен дегеніміз

кейбір көкөністер мен жемістерден бөлінетін

өсу гормоны болып табылады және бұл кейбір

адамдарға зиян келтіруі, тезірек қартайтуы

мүмкін.

5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

5.1 Қуатты үнемдеуге қатысты

ақыл-кеңес

• Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан

артық уақыт ашып тұрмаңыз.

• Орта температурасы жоғары болса,

температура регуляторы ең жоғарғы

параметрге қойылса және тоңазытқыш

ішіне тамақ толтырылса салынса,

компрессор буландырғыш құралдың үстіне

мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін.

Бұндай жағдай орын алса, температура

регуляторын құрылғы электр қуатын

үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі

көрсеткішке қойыңыз.

5.2 Жаңа тағамды тоңазытуға

қатысты ақыл-кеңес

Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық

заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз

• тағамның бетін жабыңыз не оны орап

салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса

• тағамды ауа оның айналасында еркін

айнала алатындай етіп орналастырыңыз

5.3 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Пайдалы кеңестер:

ҚАЗАҚ

11

Advertising