Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESL4300RO

Страница 14

Advertising
background image

10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе

жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.

Қызмет көрсету орталығына хабарласпай

тұрып, ақаулықты шешуге қатысты

ұсыныстарды орындаңыз.

Кей ақаулықтарда түрлі индикаторлар үздіксіз

немесе ара-тұра жыпылықтап, сонымен қатар

ескерту кодын көрсетеді.

Ескерту коды

Ақаулық

• Орнатылған бағдарламаның индикаторы

үдіксіз жыпылықтайды.

• "Соңы" индикаторы 1 рет

жыпылықтайды.

Құрылғыға су құйылмай тұр.

• Орнатылған бағдарламаның индикаторы

үдіксіз жыпылықтайды.

• "Соңы" индикаторы 2 рет

жыпылықтайды.

Құрылғыдан су ақпайды.

• Орнатылған бағдарламаның индикаторы

үдіксіз жыпылықтайды.

• "Соңы" индикаторы 3 рет ара-тұра

жыпылықтайды.

Тасқынға қарсы құрал қосулы.

Назарыңызда болсын!

Тексеріп көру алдында құрылғыны

тоқтан ажыратыңыз.

Ақаулық

Ықтимал шешімі

Құрылғыны іске қоса алмасаңыз.

Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.

Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа

зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.

Бағдарлама басталмай тұр.

Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып

тұрса, оны ажыратыңыз немесе кері санақ

аяқталғанша күтіңіз.

Құрылғыға су құйылмай тұр.

Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының

өте төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл

ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне

хабарласып алыңыз.

Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына

көз жеткізіңіз.

Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып

қалмағанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыдан су ақпайды.

Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз

жеткізіңіз.

Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып

қалмағанына көз жеткізіңіз.

14 www.electrolux.com

Advertising