Орнату, 1 шамды ауыстыру, 2 есікті жабыңыз – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERN91300FW

Страница 12: 1 орналастыру, 2 электр желісіне жалғау

Advertising
background image

7.1 Шамды ауыстыру

1.

Ашаны розеткадан ағытыңыз.

2.

Шамның қақпағындағы бұранданы

алыңыз.

3.

Шамның қақпағын алыңыз (суретке

қараңыз).

4.

Қолданылған шамның орнына қуат

параметрі дәл осындай және тұрмыстық

құрылғыларға арналған шамды салыңыз.

(қуат параметрінің ең үлкен мәні шамның

қақпағында көрсетілген).

5.

Шамның қақпағын орнына қойыңыз.

6.

Шамның қақпағын бұрандамен

қатайтыңыз.

7.

Ашаны розеткаға сұғыңыз.

8.

Есікті ашыңыз. Шамның жанатындығын

тексеріңіз.

7.2 Есікті жабыңыз

1.

Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.

2.

Қажет болса, есікті реттеңіз. "Орнату"

тарауын қараңыз.

3.

Қажет болса, зақым келген

тығыздағыштарды өзгертіңіз. Қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.

8. ОРНАТУ

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны орнатпай тұрып

"Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке

басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз

ету үшін және құрылғыны дұрыс

пайдалану үшін мұқият оқып

шығыңыз.

8.1 Орналастыру

Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілетін

(гараж немесе қойма) тәрізді жабық жерге

орнатуға болады, бірақ құрылғының жақсы

жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оны,

температурасы құрылғының техникалық

ақпарат тақтайшасында көрсетілген ауа-райы

санатына сай келетін жерге орнатыңыз:

Ауа-

райы

санаты

Бөлме температурасы

SN

+10°C бастап + 32°C дейін

N

+16°C бастап + 32°C дейін

ST

+16°C бастап + 38°C дейін

T

+16°C бастап + 43°C дейін

Осы ауқымнан тыс пайдаланған кезде кей

үлгілерде кейбір функциональдық ақаулар

пайда болуы мүмкін. Дұрыс температура

ауқымында пайдаланғанда ғана жұмыстың

дұрыс болатынына кепілдік беріледі.

Құрылғыны орнататын жерді дұрыс анықтай

алмасаңыз, сатушыға немесе сатып алушыға

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз

8.2 Электр желісіне жалғау

Электр желісіне қоспас бұрын техникалық

ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу

мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына

сай келетіндігін тексеріп алыңыз.

12 www.electrolux.com

Advertising