11 drinkschill режимі, 12 жоғары температураны ескерту сигналы, 13 “есік ашық” ескерту сигналы – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3850DOX

Страница 9: 14 freestore режимі

Advertising
background image

1.

Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.

2.

Mode түймешігін FastFreeze индикаторы

жыпылықтағанша басыңыз.

3.

FastFreeze индикаторы сөнеді.

Функция мұздатқыштың басқа

орнатылған температурасын таңдау

арқылы ажыратылады.

3.11 DrinksChill режимі

DrinksChill функциясы дыбысты сигналды

қажетті кезде орнату үшін қолданылады,

мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны

белгілі бір уақыт ішінде суытып алу қажет

болса, немесе мұздатқышқа жылдам суыту

үшін қойылған шөлмектерді ұмытып кетпеу

үшін ескерту сигналы қажет болған кезде

қолданылады.

Функцияны іске қосу үшін:

1.

DrinkChill түймешігін басыңыз.
DrinksChill индикаторы көрсетіледі.
Таймер орнатылған мәнді көрсетеді (30

минут).

2.

Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90

минут аралығында өзгерту үшін

"Суығырақ температура" түймешігі және

"Жылырақ температура" түймешігін

басыңыз.

3.

Таймер жыпылықтай бастайды (min).

Кері санақ аяқталған кезде DrinksChill

индикаторы жыпылықтайды да, дыбысты

сигнал естіледі:

1.

Мұздатқыш камерадағы сусындарды

алыңыз.

2.

Дыбыстық сигналды сөндіру және

функцияны біржола тоқтату үшін

DrinkChill түймешігін басыңыз.

Функцияны кері санақ орындалып тұрған

кезде, кез келген уақытта ажыратуға болады.

1.

DrinkChillтүймешігін басыңыз.

2.

DrinksChill индикаторы сөнеді.

"Суығырақ температура" түймешігі мен

"Жылырақ температура" түймешігін басып,

уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде

және аяқталған кезде өзгертуге болады.

3.12 Жоғары температураны

ескерту сигналы

Мұздатқыш камераның ішіндегі

температураның жоғарылағаны (мысалы,

электр қуаты өшкен кезде) төмендегідей

көрсетіледі:
• ескерту сигналының және мұздатқыш

температурасының индикаторлары

жыпылықтайды

• дыбысты сигнал естіледі.

Ескерту сигналын тоқтату үшін:

1.

Кез келген түймешікті басыңыз.

2.

Дыбысты сигнал өшеді.

3.

Мұздатқыш температурасының

индикаторы, ең жоғары температураны

бірнеше секунд көрсетіп тұрады. Содан

кейін қайта орнатылған температураны

көрсетеді.

4.

Ескерту индикаторы қалыпты жағдай

орнағанша жыпылықтап тұрады.

Ескерту сигналы тоқтаған кезде ескерту

индикаторы сөнеді.

3.13 “Есік ашық” ескерту сигналы

Есік бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық

сигнал естіледі. Есіктің ашық тұрғандығы

төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
• Ескерту индикаторы жыпылықтайды
• дыбыстық сигнал

Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік

жабылғанда), дыбыстық сигнал тоқтайды.

Ескерту сатысында кез келген түймешікті

басып ескерту сигналын ажыратуға болады.

3.14 FreeStore режимі

Функцияны іске қосу үшін:

1.

Mode түймешігін тиісті белгі

көрсетілгенше басыңыз.
FreeStore индикаторы бірнеше секунд

жыпылықтайды.

2.

FreeStore индикаторы көрсетіледі.

Функцияны ажырату үшін:

1.

Mode түймешігін FreeStore индикаторы

жыпылықтағанша басыңыз.

2.

FreeStore индикаторы сөнеді.

Егер функция автоматты түрде іске

қосылса, FreeStore индикаторы

көрсетілмейді ("Күнделікті пайдалану"

тарауын қараңыз).

FreeStore режимін іске қосқанда қуат

шығыны артады.

ҚАЗАҚ

9

Advertising