Ерекше өзгешеліктері – Инструкция по эксплуатации haier CFL633CS
Страница 52
Ерекше өзгешеліктері
Автоматты режим
Қоршаған орта жағдайына сәйкес тоңазытқышта оңтайлы температураны автоматты түрде сақтап тұру электр
қуатының шығынын оңтайландырады.
Есіктің жабылмағаны жөніндегі ескерту
Егер Сіз есікті байқаусызда ашық қалдырсаңыз, тоңазытқыш Сізді бұл жөнінде дыбыс сигналы арқылы хабардар
етеді.
Үнемді «Демалыс» режимі
Егер Сіз ұзақ уақытқа үйден кетіп бара жатсаңыз, бұл режим мұздатқыш бөлімдегі өнімдерді ерітпей сақтайды, ал
тоңазытқыш бөлім осы кезде өшірулі болуы мүмкін.
Тоңазытқыш камерадағы біркелкі температура
Haier «Белсенді салқындату» технологиясы тоңазытқыш камерасының барлық жерінде біркелкі температураны
сақтауға мүмкіндік береді.
*/*** мұздату деңгейі
Мұздату камерасы – 18 °С-тан төмен температураға дейін қатырады, бұл – өнімдердің ұзағырақ сақталуын
қамтамасыз етеді.
Төмен шу деңгейі
Haier тұрмыстық құрылғыларының құрылымында заманауи, аз шу тудыратын электр двигательдері мен
компрессорлар қолданылады.
No Frost технологиясы
Тоңазытқыш қабырғалары және азық-түлік үсімейді және қырау баспайды.