Жұмыс режимдері, Екі кезеңде әзірлеу, Кезеңді белгілеу – Инструкция по эксплуатации haier 17PX33V-20B

Страница 56: Назар аударыңыз

Advertising
background image



Жұмыс режимдері

Екі кезеңде әзірлеу

Кейбір рецептілерде азықты түрлі температурада бірнеше

кезеңде әзірлеу қарастырылған.

1-кезеңді белгілеу:

Күту немесе сағат режимінде азықты әзірлеу уақытын «0»; «1»;

– «9» түймешіктерін пайдалану арқылы белгілеңіз. Сіз әзірлеу

уақытын 99 минутқа дейінгі интервалда таңдай аласыз. «3», «0»

түймешіктерін сатылай басу арқылы Сіз әзірлеу уақытын «0 : 30»

деп белгілейсіз, «2» «0» «0» «0» түймешіктерін сатылай басу

арқылы азықты әзірлеу уақытын «20 : 00» деп белгілейсіз.
Егер тағам әзірлеу үшін Сізге қысқатолқынды қуатты 100 %

деңгейде белгілеу қажет болмаса, «Қуат» түймешігін басыңыз

да, «0»; «1»; - «9» түймешіктерін пайдаланып, Өзіңізге қажетті

қысқатолқынды қуатты белгілеңіз. Сіз 1-ден 9-ға дейінгі деңгейді

таңдай аласыз.

Назар аударыңыз!

«Бастау/кідіріс» түймесін баспаңыз.

2-кезеңді белгілеу:

«Әзірлеу» түймешігін басыңыз, бұдан соң қажетті әзірлеу уақыты

мен қысқатолқынды қуатты белгілеңіз. Көптеген екі кезеңдік

әзірлеу рецептілерінде екінші кезеңде қысқатолқынды қуаттың

төмен деңгейі пайдаланылады.
Белгіленген бағдарламаның орындалуын бастау үшін «Бастау/

Кідіріс» түймешігін басыңыз.

Назар аударыңыз!

Белгіленген бағдарламаның орындалуының жалпы

уақыты аяқталғанда, дисплейде «END» деген жазу пайда

болып, бағдарламаның аяқталғаны туралы хабарлайтын 4

дыбыстық белгі ойналады. Қысқатолқынды пештің қақпағын

ашыңыз немесе жаңа бағдарламаны белгілемес бұрын

«Болдырмау» түймешігін басыңыз.

Назар аударыңыз!

Қысқатолқынды пешті еш уақытта азықсыз қоспаңыз.
Азықты аударғаннан кейін, берілген бағдарламаның орындалуын

одан әрі жалғастыру үшін, «Бастау/Кідіріс» түймешігін бір рет

басыңыз, сонда тамақ әзірлеу үшін белгіленген режим жалғаса

береді.
Егер Сіз азықты қысқатолқынды пештен әзірлеу бағдарламасы

аяқталмас бұрын алғыңыз келсе, онда белгіленген режимді

болдырмау үшін «Болдырмау» түймешігін басыңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: