Ақаулықтарды іздеу және жою – Инструкция по эксплуатации haier L39Z10A

Страница 66

Advertising
background image

64

ақаулықтарды іздеу және жою

Дисплейдегі кескін бұлдыр немесе мүлде жоқ, экранды

келесі нұсқауларға сай тексеріңіз. Сыртқы құрылғылардың

дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру керек.
Экранда кескін әлі де пайда болмаса, жедел байланыс те-

лефоны бойынша көмек сұрау қажет.

Қорек жоқ

Желіге қосылымдардың барлығын тексеру

Қашықтықтан басқару пультіндегі қосу немесе күту

режимінің түймесін басу қажет

Кескін немесе дыбыс жоқ

Теледидардың розеткаға қосылғанын және қосу түймесі

басылғанын тексеру қажет
Антеннаның қосылғанына көз жеткізу

Басқа бағдарлама қосуға болады.


Кескін сапасы төмен

Антеннаға қосылымның дұрыстығын тексеру.

Арнаның дұрыс бапталғанына көз жеткізу.

Кескін баптауларын реттеу: жарқындық, түс, ашықтық,

контраст және түс реңкі.
Теледидардың радиожиілікті кедергілер тудыратын электр

құралдарының жанында орналаспағанына көз жеткізу.

Түрлі түсті кескін жоқ

Түс баптауларын реттеу.

Бағдарламаның түрлі түсті кескінде берілетініне көз

жеткізу.
Арнаның дұрыс бапталғанына көз жеткізу.


Теледидарға қашықтықтан басқару пультінің команда-

сы әсер етпейді

Пульт пен теледидар арасында кедергілердің бар-жоғын

тексеру.
Пульт әрекет ету зонасында басқарылатынына көз

жеткізу.
Пульт батареяларының жұмыс күйінде екеніне көз

жеткізу.

Бұл теледидар үй қолданысына арналған, электрмагниттік

толқындар залалсыз болып табылады. Осыған орай оны

тұрғын жайдың кез келген жерінде пайдалануға болады.
Ескерту
Егер ақаулықты берілген нұсқаулық көмегімен жою мүмкін

болмаса, жергілікті авторизацияланған сатып алудан кейінгі

қызметке хабарласыңыз.
Теледидарды тек тіркелген білікті техникалық маман жөндеу

керек. Ешқашан теледидардың артқы қақпағын шешуге

тырыспаңыз, себебі ішкі элементтері қауіпті кернеулі, оның

зақымдауы өлімге немесе өртке алып келуі мүмкін.

Advertising