Қашықтықтан басқару пульті, Телемәтін – Инструкция по эксплуатации haier LET22T1000HF

Страница 46

Advertising
background image

46

ҚАшЫҚТЫҚТАН БАСҚАРУ пУЛЬТІ

ТЕЛЕМӘТІН

Телемәтін ақпараттық жүйе болып табылады, ол белгілі бір арналарда трансляцияланады және оны газет

сияқты оқуға болады. Ол есту қабілетінде кемістігі бар және трансляцияланатын тілді меңгермеген адамдар үшін

субтитрлерді қамтиды (кабельдік желілер спутниктік арналар және т.б.).

ТүйМЕ:

ФУНКцИЯЛАРЫ:

TEXT

Телемәтін режимін қосу не өшіру үшін пайдаланылады. Қосқанда экранда

қолжетімді беттер тізімі пайда болады. Әр беттің үш саннын тұратын

номері бар. Егер таңдалған арна телемәтін трансляцияламайтын болса

экранда 100 номерімен бос бет пайда болады (бұл жағдайда телемәтін

режимінен шығып, басқа арнаны таңдайсыз).

БЕТТІ ТАңДАУ

Жоғары/төмен түймелерін пайдалану арқылы қажетті беттің номерін

енгізіңіз. Мысалы: Егер 120-бет қажет болса, 120 санын енгізіңіз. Бет

номері жоғарғы сол жақ бұрышта көрсетіледі, бет номерін енгізген

соң ол экранға шығады. Басқа бетті таңдау үшін осы операцияны

қайталаңыз. Егер номерді енгізген соң да бет көрсетілмесе, демек, ол

трансляцияланбайды. Басқа номерді таңдаңыз.

БЕТТЕРГЕ ЖЫЛДАМ

ҚАТЫНАУ

Схемадағы индикаторлар түсі беттің төменгі жағындағы индикаторлар

түсіне сәйкес келеді. Төрт түрлі түсті түйме сәйкес беттерге қатынауға

пайдаланылады. Индикаторлар бет уақытша қатынаусыз болған жағдайда

жанады.

INDEX

Мазмұны бар бетке оралу түймесі (әдетте № 100 бетке)

SUB PAGE

Кейбір беттердің қосымша қойындылары бар, олар экранға автоматты

түрде кезек-кезек шығады. Бұл түйме қойындыларды өткізіп жіберу не

қайтару үшін пайдаланылады. Функция жоғарғы сол жақта көрсетіледі.

HOLD

Бұл түйме бетті бекіту үшін пайдаланылады.

REVEAL

Бұл түйме жасырылған кескіндерді көрсетеді (ойындардың шешімдері).

LIST

Пайдаланушы төрт бетті таңдаулы ретінде таңдап, түсі әр түрлі төрт

түймеге бекіте алады. Тізім режимінде бұл түймелерді жылжу үшін

пайдалануға болмайды. Таңдаулы беттердің номерлерін жүйелік

бағдардарламалық жасақтама көмегімен әр арна үшін ұзақмерзімді жадыға

сақтау не одан жою керек.

SIZE

Бетті үлкейтуге арналған түймелер.

MIX

Телемәтінге мөлдір фон орнатуға арналған түймелер.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: