Кір жуу сатылары – Инструкция по эксплуатации haier HW-FS1050TXVEME

Страница 70

Advertising
background image

30

Төмендегі «Мақта» бағдарламасының мысалында

кіржуғыш машинаның толық жуу циклін орындауының

барлық кезеңдерін қарастырамыз.
1. Кіржуғыш машинаны қуат көзіне қосыңыз, бұдан кейін

машинаның люк есігі автоматты түрде ашылуы мүмкін.

Бағдарлама таңдау тұтқасын бұру арқылы «Мақта»

бағдарламасын таңдаңыз.

2. Кіржуғыш машина люгінің есігін ашыңыз. Бұдан кейін

мақта-матадан жасалған заттарды іріктеп, кіржуғыш

машинаға барабан біркелкі толатындай етіп салыңыз.

Кіржуғыш машина люгінің есігін нығыздап жабыңыз.

3. Жуғыш заттарға арналған бункерді ашыңыз. 1-бөлімге

(негізгі жуу) қажет мөлшерде кір жууға арналған

ұнтақ салыңыз. Егер кірге кондиционер қажет болса,

сәйкес бөлімге (2-бөлім) кондиционер құйыңыз.

Кондиционерге арналған бөлімдегі MAX белгісінен

асырмау қажеттігін ескеріңіз.

Жуғыш заттарға арналған бункерді нығыздап

жабыңыз. Егер кір қатты кірлеген болса, 3-бөлімге

(алдын ала жуу үшін) жуғыш зат салыңыз немесе

«Интенсивті жуу» режимін қосыңыз.

4. Қажет болған жағдайда жуу температурасын, сығу

жылдамдығын, шаю санын, сығу уақытын және басқа да

(төменде келтірілген) қосымша функцияларды таңдаңыз:
• Жуу циклі қосылмай тұрып, басқару панеліндегі

температуралық режим таңдау түймешігі арқылы

жуу барысында су қыздырылуы керек қажетті

температураны таңдауға болады.

• Жуу циклі қосылмай тұрып, алдыңғы басқару

панеліндегі сығу жылдамдығын таңдау түймешігі

арқылы сығу барысындағы барабанның айналу

жылдамдығын таңдауға болады.

• Салынатын кірдің салмағын қолмен белгілеу

қажеттігіне байланысты Сіз алдыңғы басқару

панеліндегі «Салу» түймешігін пайдаланып,

салынатын кірдің салмағын 1 кг-дан (ақпараттық

дисплейдегі индикациясы: L-1) 5 кг-ға (ақпараттық

дисплейдегі индикациясы: L-A) дейін өзіңіз белгілей

аласыз.

• Жуу циклі қосылмай тұрып, «Жуу» түймешігі арқылы

негізгі жуу уақытын белгілеуге болады, су қыздыруға

кететін уақыт негізгі жуу уақытына кірмейді.

• Жуу циклі қосылмай тұрып, «Шаю» түймешігі

арқылы шаю санын белілеуге болады. Ақпараттық

дисплейде ағымдағы сәтте белгіленген шаю саны

көрсетіледі.

• Жуу циклі қосылмай тұрып, «Сығу» түймешігі

арқылы сығу уақытын белілеуге болады. Сығу

уақыты ақпараттық дисплейде көрсетіледі.

5. «Интенсивті жуу» түймешігі арқылы осы функцияны

қосуға не өшіруге болады.

Кір жуу сатылары

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: