Сақтық шаралары, кеңес және көмек, Көмек, Жалпы қауіпсіздік – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston LFTA+ 5H1741 X

Страница 38: Қоқысқа тастау, Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны құрметтеу

Advertising
background image

KZ

38

Сақтық шаралары,

кеңес және көмек

Бұл құрылғы ағымдағы халықаралық қауіпсіздік

стандарттарына сай құрылған және өнідірілген. Төмендегі

ақпарат қауіпсіздік мақсатында берілген, сондықтан оны

мұқият оқып шығу қажет.

Жалпы қауіпсіздік

• Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам құрылғыны

қолдану бойынша кеңес не нұсқау бермеген жағдайда,

дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе

тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдармен (оның

ішінде балалармен) қолданылуға арналмаған.

• Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды бақылау керек.

• Құрылғы үй ішінде қолдануға арналған және коммерциялық

немесе өндірістік мақсатта қолдануға арналмаған.

• Құрылғы үйдегі ыдыс-аяқты осы нұсқаулықтағы

нұсқауларға сәйкес жуу үшін ересек адамдармен

қолданылуға арналған.

• Құрылғыны далада, тіпті үсті жабылған болса да,

орнатуға болмайды. Құрылғыны жауын мен найзағай

астында қалдыру өте қауіпті

• Жалаң аяқ болған кезде құрылғыға тимеңіз.

• Құрылғыны токтан ажыратқан кезде, розеткадан

әрдайым айырынан ұстап тартыңыз, кабелін тартпаңыз.

• Құрылғыны тазаламас немесе кез келген қызмет

көрсету жұмысын орындамас бұрын су шүмегін жабу

және айырды розеткадан ағыту керек.

• Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз бетіңізбен

жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші болмаңыз.

• Қыздыру бөлігіне ешқашан тиюші болмаңыз.

• Құрылғының ашық есігіне сүйенбеңіз немесе оған

отырмаңыз: бұл құрылғыны аударып түсуі мүмкін.

• Есікті ашық қалдырып кетуге болмайды, себебі ол

қауіпті кедергі болып табылады.

• Жуғыш зат пен шаюға көмекші затты балалардан аулақ

ұстаңыз.

• Орама материалын ойыншық ретінде қолдануға

болмайды.

Қоқысқа тастау

• Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманы қайта

пайдалана алу үшін жергілікті заңдарды орындаңыз.

• Қоқыс электр және электрондық жабдыққа (WEEE) қатысты

2002/96/EC Еуропалық директива үй құрылғылары әдеттегі

қала қоқысына тасталмауын мәлімдейді. Қайта қолдану

мен қайта өңдеудің құнын оңтайландыру және атмосфера

мен адам денсаулығына ықтимал зақымды азайту үшін

қолданыстан шыққан құрылғылар бөлек жиналуы тиіс.

Құрылғы иесіне қоқыстың бөлек жиналуына қатысты

міндеттерін еске салу үшін, барлық өнімдерде үсті айқыш

сызылған қоқыс себетінің суреті бар.

Үй құрылғыларын тиісті түрде қоқысқа тастау туралы

қосымша ақпарат алу үшін ие адамдар тиісті мекемеге
немесе жергілікті құрылғы сатушысына хабарласуы мүмкін.

Қуатты үнемдеу және қоршаған

ортаны құрметтеу

Су мен қуатты үнемдеу

• Ыдыс жуу машинасы толған кезде ғана жуу циклын

бастаңыз. Ыдыс жуу машинасының толуын күту

барысында жағымсыз иістердің алдын алу үшін Суға

салып қою циклын қолданыңыз («Жуу циклдары»

бөлімін қараңыз).

• Жуу циклдарының кестесін пайдалана отырып, ыдыс-

аяқ түріне және ластану дәрежесіне қолайлы жуу

циклын таңдаңыз:

- Орташа ластанған ыдыстар үшін Эко жуу циклын

пайдаланыңыз, ол қуат пен судың төмен деңгейі

қолданылатынын қамтамасыз етеді.

- Жүктеу әдеттегіден азырақ болса, Жартылай жүктеу

опциясын

*

қолданыңыз («Іске қосу және пайдалану»

бөлімін қараңыз).

• Егер ток жеткізу келісім-шартында токты үнемдеуге

арналған уақыт аралықтары болса, төмен баға

қолданылатын кезде жуу циклдарын орындаңыз.
Кешіктіріп бастау

*

түймесі («Іске қосу және пайдалану»

бөлімін қараңыз) жуу циклдарын тиісті түрде

ұйымдастыруға көмектеседі

Фосфат пен хлорды қамтымайтын, құрамында

ферменттері бар жуғыш заттар

• Фосфаттарды немесе хлорды қамтымайтын жуғыш

заттарды пайдаланған жөн, себебі бұл өнімдер

қоршаған ортаға зиянды.

• Ферменттер 50°C шамасындағы температураларда

ең тиімді түрде әрекет етеді, және қалыпты 65°C

жуу циклындағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін

нәтижесінде ферменттерді қамтитын жуғыш заттарды

температурасы төмен жуу циклдары үшін қолданылады.

• Жуғыш зат ысрап болмауы үшін өнідірушінің

кеңестеріне, су қаттылығы мен топырық деңгейі және

жуылатын ыдыс-аяқ мөлшеріне байланысты өнімді

тиісті мөлшерлерде пайдаланыңыз. Биологиялық түрде

ыдырайтын болса да, табиғаттың тепетеңдігіне әсер
етуі мүмкін заттарды қамтиды.

Көмек

Көмек қызметіне хабарласпас бұрын:

• Проблеманы Ақаулықтарды жою нұсқаулығын қолдана

отырып шешуге болатынын, не болмайтынын тексеріңіз

(«Ақаулықтарды жою» бөлімін қараңыз).

• Бағдарламаны қайта іске қосыңыз да, проблема

кеткенін тексеріңіз.

• Проблема шешілмесе, Куәландырылған техникалық

көмек беру қызметіне хабарласыңыз.

Куәландырылмаған мамандарға қызмет

көрсеткізбеңіз.

Қолыңызда мына ақпаратты ұстаңыз:

• Проблеманың түрі

• Құрылғы нөмірі (Mod.).

• Сериялды нөмір

Бұл ақпаратты құрылғының деректер тілімшесінде табуға

болатын («Құрылғының сипаттамасы» бөлімін қараңыз).

*

Тек кейбір үлгілерде бар.

Advertising