Mp3 ойнатқышы, Fm-радио, Камера – Инструкция по эксплуатации LG Onliner

Страница 172: Бейне камера

Advertising
background image

Бейнені түсіргеннен кейін

Экранда түсірілген бейненің қозғалыссыз кескіні пайда

болады. Қолдануға болатын опциялар:

Артқа - алдыңғы мәзірге қайта оралу.

Альбом - альбомдағы басқа бейне клиптерді көру

үшін басыңыз. Ағымдағы бейне клип сақталады.

Ойнату - жаңа түсірілген бейнені ойнату үшін басыңыз.

Жаңа - бірден басқа бір бейне түсіру үшін

басыңыз. Ағымдағы бейне сақталады.

Жіберу - бейнені MMS хабарымен, электрондық

хатпен немесе Bluetooth арқылы жіберу.

Жою - жаңа түсірілген бейнені жою. Көрсеткіш

қайтадан пайда болады.

Опциялар - бейне клиптің атын өзгертуге болады.

MP3 ойнатқышы

GW300 телефонында барлық таңдаулы музыкаңызды

ойнатуға мүмкіндік беретін музыка ойнатқышы орнатылған.

Ескертпе:

• Музыка ойнатқышын пайдаланар алдында,

телефонға музыка файлын жіберуіңіз қажет болады.

• Музыка ойнатқышы мынадай кодек түрлерін

қолдайды: MP3, WMA, AAC. Музыка ойнатқышы

файл пішімдерінің барлық мүмкіндіктері мен түрлерін

қолдай бермейді.

Музыка ойнатқышына қол жеткізу үшін, Мәзір пәрменін

басып, Мультимедиа тармағын таңдаңыз. Бұл жерден

мыналарға қол жеткізуге болады:

Соңғы ойналған - тек музыка ойнап жатқанда пайда

болады. Бұл параметрді таңдағанда, ойнап жатқан

ойнатқышқа қайта оралуға болады.

Барлық әндер - телефондағы барлық әндерді қамтиды.

Ойнату тізімдері - барлық жасалған ойнату тізімдерін қамтиды.

Орындаушылар - орындаушы бойынша сұрыпталған

барлық әндерді көруге мүмкіндік береді.

Альбомдар - альбом бойынша сұрыпталған барлық

әндерді көруге мүмкіндік береді.

Жанрлар - жанр бойынша сұрыпталған барлық әндерді

көруге мүмкіндік береді.

Әндерді араластыру - әндердің барлығын кездейсоқ

ретпен ойнатуға мүмкіндік береді.

FM-радио

Радио тыңдау

1. «Мәзір» пәрменін басып, «Мультимедиа» тармағын,

одан кейін «FM-радио» тармағын таңдаңыз.

2. Тыңдағыңыз келетін станцияның арна нөмірін таңдаңыз.

Ескертпе: радионы телефонға орнатылған үндеткіш арқылы

тыңдауға болады. Опциялар

пәрменін басып

,

Үндеткіш арқылы тыңдау тармағын таңдаңыз.

Ескертпе: кейбір жолақтарда тек бір мәтін енгізу

режимін пайдалануға болады (мысалы, мекенжай

кітабы жолақтарындағы телефон нөмірі).

Пернетақтаның көмегімен мәтін енгізу режимі

Мәтін енгізу керек болғанда, мысалы, хабар жазу кезінде,

пернетақтаның әдепкі режимі «Abc» болады. Егер нөмір

енгізсеңіз, мысалы, қоңырау шалу кезінде, пернетақтадағы

сандық пернелердің әдепкі режимі сандар болады.

Камера

Жылдам сурет түсіру

1. Телефонның оң жағындағы пернесін басып тұрыңыз.

2. Объективті суретке түсірілетін затқа бағыттаңыз.

3. Суретке түсіру үшін пернесін басыңыз.

КЕҢЕС! Бұл функцияға қол жеткізу үшін, құлыпты ашу

пәрменін таңдаңыз.

Суретке түсіргеннен кейін

Экранда түсірілген сурет пайда болады. Қолдануға

болатын опциялар:

Артқа - алдыңғы мәзірге қайта оралу.

Альбом - альбомдағы түсірілген «Суреттерім»

қалтасын қарау.

Жіберу - суретті MMS хабарымен, электрондық

хатпен немесе Bluetooth арқылы жіберу.

Жаңа - бірден басқа бір сурет түсіру. Ағымдағы

сурет сақталады.

Пайдалану - түсірілген суретті тұсқағаз, контакт

суреті немесе қосылу/сөну экранындағы кескін ету.

(Контакт суретін SIM картасына емес, телефонға

сақталған контактілерге ғана қосуға болады.)

Жою - жаңа түсірілген суретті жою. Көрсеткіш

қайтадан пайда болады.

Опциялар - суреттің атын немесе сурет файлын

өзгертуге болады.

Бейне камера

Жылдам бейне түсіру

1. Телефонның оң жағындағы пернесін басып тұрыңыз.

2. Жылдам мәзірдегі < жылжу пернесін басып, Бейне

мәзірін таңдаңыз.

3. Камера фокусын түсірілетін затқа қаратыңыз.

4. Түсіру үшін, пернесін бір рет басыңыз.

5. Көрсеткіштің төмен жағында Rec белгішесі пайда болады.

Түсіруді тоқтату үшін, пернесін тағы бір рет басыңыз.

GW300_QRG_Kazakhstan_0828_���.indd 4

2009.10.16 11:54:19 AM

Advertising