Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG560NW
Страница 5
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
• Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін ала
орналасқан (егер бар болса).
• Еріп кетуі мүмкін нəрсені пештің үстіне
қоймаңыз.
• Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі
төгілмес үшін пішімі мен диаметрі дұрыс,
орнықты ыдысты қолданыңыз. Күйіп
қалу қаупі бар.
Қақпақ
• Жабық тұрған қақпақ құрылғыны шаңнан
қорғайды, ашық тұрғанда шашыраған
майды жинайды. Оны басқа мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Қақпақты əрқашан таза ұстаңыз.
• Қақпақтың бетіндегі ластықты əрқашан
қақпақты ашпай тұрып тазалаңыз.
• Пештің үсті мен тұмшапеш əбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
• Шыны қақпақтар ыстық тұрған кезде
шытынап кетуі мүмкін. Қақпақты
оттықтардың барлығын сөндіргеннен
кейін жабыңыз.
Күту менен тазалау
• Жуып-тазалардың алдында құрылғының
суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
• Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
• Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның
беткі қабаты бүлінбейді.
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне
мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны
тек сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш
заттарды немесе тот басуына себеп
болатын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдармен,
өткір, түрпілі тазартқыш заттармен,
түрпілі жөкелермен жəне дақ
кетіргіштермен тазаламаңыз
• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат
сенсорына (қолданылатын болса) ешбір
затты бүрікпеңіз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті
сынуы немесе шытынауы мүмкін.
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін қолдануға
болмайды.
• Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
• Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі бар.
Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
• Тек уəкілетті техниктің ғана құрылғыны
жөндеуіне немесе оған қатысты
жұмысты орындауына болады. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін:
– Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
5