Құрылғыны қолдану, Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған, Жуғыш жəне шайғыш затты қолдану – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZSF2415

Страница 21

Advertising
background image

Құрылғыны қолдану

1. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина

тұзынан салыңыз.

2. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан

салыңыз.

3. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

құрылғыға салыңыз.

4. Су құятын шүмекті ашыңыз.

5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен

ластығына қарай жуу бағдарламасын
дұрыс орнатыңыз.

6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты

тиісті мөлшерде салыңыз.

7. Бағдарламаны бастаңыз.

Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған

Кермек судың құрамында құрылғыға
нұқсан келтіруі жəне жуу нəтижесіне жаман
əсер етуі мүмкін минералдар өте көп
мөлшерде кездеседі. Су жұмсартқыш бұл
минералдарды бейтарап етеді.
Жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып тұратын жеріңіздегі судың
кермектігін анықтап біліңіз.

Сақтандыру туралы ескерту! Ыдыс
жуғыш машиналарға арналған

тұздарды ғана пайдаланыңыз. Басқа
тұздар құрылғыға зақым келтіруі мүмкін.
Тұз сауытын бағдарламаны бастамай
тұрып толтыру керек. Құрылғыда қалған
тұз тот бастырады.

Тұз сауытын толтыру
1. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің

бағытына қарсы бұрап ашыңыз.

2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең алғаш

рет тұз салғанда) құйыңыз.

3. Тұз сауытына тұз салу үшін құйғышты

пайдаланыңыз.

4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды

тазалаңыз.

5. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің

бағытымен бұрап жабыңыз.

Тұз сауытына тұз салған кезде, одан
су төгіледі, бұл қалыпты жағдай.

Жуғыш жəне шайғыш затты қолдану

Жуғыш заттарды қолдану

Сақтандыру туралы ескерту! Ыдыс
жуғыш машиналарға арналған жуғыш

заттарды ғана пайдаланыңыз.

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты өндіруші ұсынған

мөлшерден артық пайдаланбаңыз.

Жуғыш зат үлестіргішін толтыру
1. (A) түймешігін басып жуғыш зат

үлестіргіштің қақпағын (B) ашыңыз.

21

www.zanussi.com

Advertising